Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Экономикалық ақпаратты өңдеу



бет49/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   213
Экономикалық ақпаратты өңдеу бастапқы деректермен логикалық және арифметикалық операциялар орындауды болжайды. Логикалық өңдеуге сұрыптау (таңдау, реттеу, қосу), ақпараттық базадан деректерді таңдау және т.с.с. жатады. Арифметикалық операцияға – алгебралық қосу, бөлу, көбейту және т.б. жатады.
Қаржы-экономикалық ақпаратты өңдеу жүйесі әртүрлі өндірістік-экономикалық және қаржылық құбылыстар мен объекттерді сипаттайтын сандық деректерді өңдеу үшін, сонымен қатар сәйкес басқару құжаттарын және ақпараттық-аналитикалық материалдарды құрастыру үшін қызмет етеді. Оларға: әмбебап кестелік процессорлар (Microsoft Excel); арнайы бухгалтерлік программалар (“1С: Бухгалтерия”); арнайы банктік программалар (банкішілік және банкаралық есептеулер үшін); қаржы-экономикалық талдау және жобалаудың арнайы программалары және т.с.с. жатады.
Экономикада қолдану сферасы есебімен мыналарды ерекшелейді:
банктік ақпараттық жүйелер;
қор нарығының ақпараттық жүйесі;
сақтандыру ақпараттық жүйесі;
салықтық ақпараттық жүйелер;
мекемелер мен кәсіпорындардың ақпараттық жүйесі (бухгалтерлік және басқа ақпараттық жүйелер);
статистикалық ақпараттық жүйелер және т.с.с.
Экономикалық есеп түрлеріне мыналар жатады:
● есептік-операциялық жұмыстар (сонымен қатар еңбек, еңбекақы, материалдар және т.с.с есебі),
● нормативтерді есептеу, банкаралық есептеулер,
● болжамдық-аналитикалық жұмыстар,
● лизинг,
● клиенттерге қызмет көрсету, оның ішінде пластикалық карталар көмегімен.
2. Талдау құралдары
Зерттелетін деректерді өңдеу және талдау кезінде бірінші саты зерттелетін белгілердің статистикалық көрсеткіштерін сипаттау болып табылады. Олардың ішінде мына негізгі көрсеткіштерді атап өтуге болады: орташа (орташа арифметикалық шамалар), дисперсия, орташа сызықтық ауытқу, орташа квадраттық ауытқу, вариация коэффициенті, минималды мән, максималды мән, медиана, жоғарғы квартиль, төменгі квартиль, жиілік.
Зерттелетін деректерді өңдеу және талдаудың екінші сатысы зерттелетін айнымалылар арасында корреляциялық байланысты сипаттау болып табылады. Зерттелетін айнымалылар арасындағы байланыс тығыздығын көрсететін бірнеше корреляция коэффициенттері бар. Корреляция коэффициенттері +1-ден – 1-ге дейінгі аралықта өзгереді.
Егер корреляция коэффициенті -1-ге тең болса, онда айнымалылар теріс тәуелділікке ие, егер корреляция коэффициенті +1-ге тең болса, онда айнымалылар оң тәуелділікке ие. Атап кетейік, егер коэффициент нольге тең болса, онда айнымалылар арасында байланыс жоқ. Белгілі және жиі қолданылатын корреляция коэффициенттеріне мыналарды жатқызуға болады:
Пирсонның корреляция коэффициенті
Спирменнің корреляция коэффициенті
Крамердің корреляция коэффициенті
Фидің корреляция коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет