ШҚТ басқа ғылымдарменбайланысы Экономикалық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметіне жоғары деңгейде талдау жүргізу үшін қажетті білімнен тұратын экономикалық және басқа да пәндермен өте тығыз байланысты болады.
ШҚТ байланысты ғылымдардың ішінде бірінші кезекте тұратын экономикалық теорияны жекелей атап көрсетуге керек, ол болса экономикалық заңдар мен олардың әрекет ету тетігін зерттей отырып, экономикалық пәндердің теориялық негізін құрайды. Осы мәліметтерді зерттеу жаңа, бұрын белгісіз болған заңдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, ел немесе әлемдік экономиканың дамуына ауқымды болжамдарды жасауға мүмкіншілік туады.
Шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызметін жан-жақты кешенді зерттеу үшін талдауда статистикалық есеп және есептеме мәліметтері қолданылады. Талдамалық зерттеулерде математикалық әдістерді және қазіргі компьютерлік технологияны пайдалану олардың деңгейін едәуір арттырды. ШҚТ терең және кешенді бола бастады және жедел жүргізіліп, нысандардың көбін қамти алады, көп ақпараттарды зерттейді.
Шаруашылық қызметті талдау әдісі және оның сипатты белгілері Ғылымм әдіс кең мағынада өз пәнін зерттеу тәсілі болып түсіндіріледі. Өз пәнін зерттеу үшін әр түрлі ғылымның пайдаланатын арнайы тәсілдерін (оның ішінде ШҚТ) танып білудің жалпы диалектикалық әдісімен негізделеді. Танымның диалектикалық әдісі барлық ұғымдар мен үдерістерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыру қажеттігін түсіндіреді. ШҚТ-ғы ерекше белгілерінің қайнар көзі - тұрақты салыстырудың қажеттілігі. Салыстыру ШҚТ өте кең қолданылады: қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдың нәтижелерімен, басқа кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштермен және т.б. салыстырылады.
ШҚТ диалектикалық әдісте қолдану, әрбір үдерісті, әрбір экономикалық құбылысты жүйе ретінде, өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруды білдіреді. Бұл жерден айрықша ерекшіліктерінің бірі болып табылатын талдау нысандарын зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі туындайды.
Жүйелі көзқарас қарастырылып отырған құбылыстар мен үдерістерді элементтерге барынша көп бөлшектеуді, оларды жүйелеу мен ситездеуді қарастырады.
Қандайда бір ұғымдарды бөлшектеу зерттелетін нысанда ең басты және елеулісін анықтау үшін қаншалықты қажет болатын дәрежеде жүргізіледі
Элементтерді жүйелеу олардың өзара байланысын, өзара әрекетін, өзара тәуелділігін өзара бағынушылығын зерттеу негізінде жүргізіледі.
Сонымен ШҚТ әдісі – бұл кәсіпорынның тимді қызмет етуін арттыру мақсатында жоспар, есеп, есептеме және басқа да ақпарат көздерінің көрсеткіштер жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлардың әсерін қортындылау, өлшеу, кешенді және жүйелі зерттеу