Бақылау сұрақтары: 1.Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары
2.ШҚТ қағидалары
3.ШҚТ түрлері және олардың жіктелімі
4.Шаруашылық қызметті талдау әдісі және оның сипатты белгілері
2. Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі
3. Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты
4. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлу
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылык талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл турлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат көздері бар. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы таңдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
Көлденең талдау
Тікелей талдау
Трендтік талдау
Салыстырмалы талдау
Факторлық талдау
Қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау – әрбір есеп поэзиясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылым секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.