Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастарға



Pdf көрінісі
бет38/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
7.2. Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастарға 
көшіру аясындағы реформалар. 
 
Тәуелсіздікке  дейінгі  кезеңде  толық  шегіне  жеткен  экономиканы 
реформалау  процесінде  халықты  еңбекпен  қамту  саласындағы  проблемалар 
одан  әрі  кеңеіп  өткір  сипат  алды.  Өндіріс  жаппай  құлдырады.  Өкімет 
тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілмей 
биязы  сипатын сақтады. Кәсіпорын мен аграрлық сала қызметшілердің жалпы 
саны  елеулі  қысқарып  жұмыссыздар  саны  жылдан-жылға  өсе  түсті.  Тек  қана, 
1995  жылы  еңбекпен  қамту  орындарында  ресми  түрде  тіркелген 
жұмыссыздардың  саны  153  мыңға  жеткен.  Өндірістің  толық  тоқтауы 
салдарынан  ақысыз  демалысқа  шыққандар  -  192  мың,  ал  өндірістің  жартылай 
тоқтау себебінен қысқартылған жұмыс күні ретімен істейтін қызметшілер саны 
451  мыңға  жеткен.  Жалпы  алғанда  ХХ  ғасырдың  90-жылдары  соңына  қарай 
республикадағы жұмыссыздардың жалпы саны 643 мың адамдарды құрады. 
1997  жылы  экономика  саласындағы  барлық  категориялардағы 
қызметшілер  саны  1996  жылмен  салыстырғанда  11,8%  қысқарған.  Республика 
еңбек  рыногының  өзіне  тән  ерекшелігі-жасырын  жұмыссыздық  деңгейі  9-11% 
пайызға жетті. Еңбекпен қамту проблемасы күрделі сипат алды (жұмыссыздар 
54,8). Жұмыссыздардың шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды. 


ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  Қазақстаның  өнеркәсібін  жандандыруда 
біраз  шаралар  қолға  алынған.  Мысалы,  1999  жылдың  соңында  жалпы  өнім 
өндіру  толық  дағдарыс,  өндіріс  көлемін  арттыру  1,8-ға  өскен.  Республиканың 
алтын  қоры  2  млн.  долларға  жетті.  Дей  тұрғанмен  инвестиция  мен  өндіріс 
деңгейінің әлдеде болса өткір сипатының сақталуы экономиканың құлдырауға 
түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті. 
Тәуелсiздiк 
алғаннан 
кейiн 
(1991) 
Қазақстанда 
экономиканы 
реформалаудың  бiрнеше  тәсiлi  қолданылды.  Мемлекеттік  экономикалық 
саясаттың  базалық  бағыттары  мынадай  жолдарды  қалаған:  1)  социалистік 
экономикадан  кейiнгi  қайта  құру;  2)  дағдарысқа  қарсы  бағдарлама;  3) 
макроэкономикалық тұрақтандыру; 4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты 
еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету. 
Реформалар бiрiншi кезеңі (1991-1992): 
Бiрiншi 
кезең 
Қазақстанда 
социалистік 
экономикадан 
кейiнгi 
экономикалық  жағдайдың  шиеленiсiп,  құлдырауымен  сипатталады.  Бұл  70-
жылдардың  аяғында  КСРО  экономикасы  нақты  секторының  жаппай  үдере 
қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және 
iшкi 
әлеуметтік-экономикалық, 
қоғамдық-саяси 
бағытта 
жүргiзiлген 
экономикалық саясат өрiстеп кете алмады. 
90-жылдардың  басында  ҚР-ның  экономикалық  саясаты  кеңестік 
социалистік экономикалық жүйенi ұлттық нарықтық экономикаға бұрып қайта 
құруға  бағытталды.  Бұл  орайда  мынадай  негiзгi  бағыттар  таңдалды: 
экономиканы  ырықтандыру:  сыртқы  реттеуiштердi  енгiзу,  әлеуметтік-
экономикалық  аяға  мемлекеттiң  қатысуын  шектеп,  билеу  төстеу  құзырын 
тежеу, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, шетелдерден қаржы 
(инвестициялар)  тарту,  валюталық  тәртiптi  тұрақтандыру;  көп  ұстынды 
экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикадағы бар жекеше сектордың 
қызметін  толық  қолдап  жандандыру,  шаруашылық  жүргiзушi  субъектiлерге 
нарықтық  нышандар  үлгiлерiн  енгiзу,  кәсiпкерлiктi,  шағын  және  орташа 
кәсіпкерлікті  (бизнестi)  дамыту,  толымды  нарықтық  бәсекенi  өрiстету  үшiн 
жағдай жасау. 
Республиканың  жалпы  iшкi  өнiмi  1991  ж.  ағымдағы  бағамен  -  85863,1 
млн.  сом,  1992  ж.  -1217689,2  сомға  жеткізілді.  Бағаны  ырықтандыру 
салдарынан  үдей  түскен  инфляцияға  байланысты  жалпы  iшкi  өнiм  ағымдағы 
бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, 
мұның  өзi 1991  жылмен  салыстырғанда  12,4 есе  (247,1%) көп.  Нақты  бағамен 
жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 
ж.  экономиканың  барлық  саласы  бойынша  өндiрiс  көлемi  күрт  шектелді. 
Өнеркәсiп өнiмінiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, 
көлiкте  19,4%-ды  құрады.  Өндiрiстiң  өсуi  тек  ауыл  шаруашылығында  ғана 
тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына 
шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ 
долларын құрады.  
1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет