Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет79/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105
Сауда-экономикалық  ынтымақтастық.  ҚР  Статистика  агенттігінің 
ақпаратына сәйкес, 2013 жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара 
сауда айналымының көлемі 393 млн. АҚШ долл. (экспорт – 175,4 млн., импорт 


–  217,6  млн.)  құрап,  2012  жылмен  салыстырғанда  14%-ға  артты.  2014  жылғы 
қаңтар-ақпан  айларында  сауда  айналымы  35,1  млн.  АҚШ  долларын  құрады 
(экспорт – 20,2 млн. АҚШ долл., импорт – 14,9 млн. АҚШ долл.). 2010 жылы 
Ашхабадта  ҚР  ИЖТМ  «KAZNEX  INVEST»  экспорт  және  инвестициялар 
жөніндегі  ұлттық  агенттігі  мен  Түрікменстан  сауда-өнеркәсіп  палатасының 
ұйымдастыруымен Қазақстанның Түрікменстандағы сауда миссиясы өтті. 2013 
жылғы  24-25  сәуірде  Ашхабадта  қазақстан-түрікмен  экономикалық,  ғылыми-
техникалық  және  мәдени ынтымақтастық  жөніндегі үкіметаралық  комиссиясы 
6-шы отырысы өтті. 
Отын-энергетикалық  секторындағы  ынтымақтастықтың  болашағы  мол 
болып  табылады.  Осы  салада  екіжақты  ықпалдастық  2009  жылғы 
желтоқсандағы  «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай»  газ  құбырының 
іске  қосылуымен  елеулі  нығая  түсті.  Көлік  және  коммуникация  саласындағы 
ынтымақтастық та жоғары қарқынмен дамуда. Темір жол, автомобиль және су 
көлігі салаларында өзара тиімді жобалар бар. 
2007 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан, Түрікменстан және Иран үкіметтері 
арасында «Өзен (Қазақстан – 140 км.-ге жуық) – Қызылқия – Берекет – Этрек 
(Түрікменстан – 450 км.-ден астам) – Горган (Иран – 90 км.-ден астам)» темір 
жолын  салу  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Осы  жолдың  қазақстан-түрікмен 
бөліктерінің 
салтанаты 
ашылу 
рәсімі 
Түрікменстан 
Президенті 
Г.Бердімұхамедовтің  Қазақстанға  2013  жылғы  10-11  мамырда  мемлекеттік 
сапары барысында өтті. 
Мәдени-гуманитарлық  саладағы  ынтымақтастық.  2009  жылдың  6-9 
маусым  аралығында  Қазақстанның  Түрікменстандағы  Мәдениет  күндері,  ал 
2014  жылғы  29  сәуір  –  2  мамыр  аралығында  Қазақстанда  Түрікменстанның 
Мәдениет күндері өткен. Дипломатиялық қатынастардың орнатылу мерзімі – 22 
шілде 1992 жыл.  
Қазақстан  мен  Украина  ара-қатынасы.  1994  жылдың  мамырынан  бері 
Алматы  қаласында  және  2001  жылдың  қаңтарынан  бастап  Астана  қаласында 
Украинаның Елшілігі қызмет атқарады.  
Саяси  қатынастар.  Қазақстан  мен  Украина  арасындағы  қарым-
қатынастар  динамикалық  түрде  дамуда,  сыртқы  саяси  мекемелері  арасындағы 
және  халықаралық  ұйымдар  шеңберінде  өзара  іс–қимылдар  сындарлы  болып 
келеді,  екі  тараптың  көптеген  халықаралық  мәселелердегі  ұстанымдары  өзара 
сәйкес  келеді.  Киев  Қазақстанның  ЕҚЫҰ–да  төрағалық  ету  өтінішін  қолдап, 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселелеріндегі  бастамаларды,  әсіресе  АӨСШК 
идеясын,  қолдауда,  Қазақстанның  ДСҰ–на  кіру  үрдісінде  қолқабыс  ету 
бойынша  келісілді.  БҰҰ  шеңберінде  ынтымақтастық  жемісті  болып  отыр. 
Елбасыларының өзара сапарлары барысында – Украина Президенті 2005 жылы 
мамырда  және  2006  жылы  қаңтарда  Астана  қаласына  және  Қазақстан 
Президентінің  Украинаға  2005  жылы  қарашада,  екі  жақты  қатынастарды 
жандыруға  ұмтылыстарын  қуаттады.  Соңғы  уағдалыстықтар  Президент 
Н.Назарбаевтың 2007 жылы ақпанда Киев қаласына, Президент В.Ющенконың 
2008 жылы наурызда Астана қаласына ресми сапары барысында қол жеткізілді 
және  2007-2008  ж.ж.  Қазақстан–Украина  іс–қимылдар  жоспарында  (“Жол 


картасы  –  2”)  қамтыды.  Жоспар  орындалып,  сауда–экономикалық,  көліктік, 
отын–энергетика,  агроөндірістік,  аэроғарыштық,  ғылыми  және  әскери–
техникалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.  
Тараптар  заң  шығарушы  органдар  арасындағы  ынтымақтастықтың 
нығаюы мен кеңеюіне мүдделі. Бұл мақсатта екі елдің Парламенттерінде тиісті 
Топтар  қызмет  атқаруда.  Құқықтық-келісім-шарт  базасы  80-нен  астам 
құжаттарды  қамтиды,  оның  ішінде,  1994  жылғы  20  қаңтардағы  Қазақстан 
Республикасы  мен  Украина  арасындағы  Достық  және  ынтымақтастық  туралы 
келісім болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет