Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


жөнінен  әлемдегі  ең  алдыңғы  қатарлы  елдердің  санатына  қосылған



Pdf көрінісі
бет90/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
жөнінен  әлемдегі  ең  алдыңғы  қатарлы  елдердің  санатына  қосылған. 
Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі 
керек.  Жастарға  басымдық  беретін  межелердің  қатарында  білім  әрдайым 
бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі,  құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен 
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.  
-Қазақстанның  революциялық  емес,  эволюциялық  дамуының  құны 
өлшемсіз. Казіргі Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 
1917  жылдың  қазан  айындағы  оқиғаға  100  жыл  толады.  Күллі  ХХ  ғасыр 
революциялық  сілкіністерге  толы  болды.  Бұл  осы  аумақтағы  барша  ұлттарға 
мейлінше  әсер  етіп,  бүкіл  болмысын  өзгертті.     Әрбір  жұрт  тарихтан  өзінше 
тағылым  алады,  бұл  –  әркімнің  өз  еркіндегі  шаруа.  Біреуге  өзіңнің 
көзқарасыңды  еріксіз  таңуға  ешқашан  болмайды.  Олай  болса  тарих  туралы 
өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ.  
Өткен  ХХ  ғасыр  қазақ  халқы  үшін  қасіретке  толы,  зобалаң  да  зұлмат 
ғасыр болды.  
Біріншісі,  ұлттық  дамудың  ықылым  заманнан  жалғасып  келе  жатқан 
өзімізге  ғана  тән  жолы  біржола  күйретіліп,  қоғамдық  құрылымның  бізге  жат 
үлгісі еріксіз таңылды.         
 Екіншісі,  қазақ  ұлтына  адам  айтқысыз  демографиялық  соққы  жасалды. 
Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.  
Үшіншісі, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. 
Төртіншісі,  еліміздің  көптеген  өңірлері  экологиялық  апат  аймақтарына 
айналды.  Әрине,  тарих  тек  ақтаңдақтардан  тұрмайды.  ХХ  ғасыр  Қазақстанға 
бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік 
инфрақұрылымдардың  құрылуын,  жаңа  зиялылар  қатары  (интеллигенция) 
қалыптасуын  осыған  жатқызуға  болады.  Бұл  кезеңде  елімізде  белгілі  бір 
 жаңғыру  болды.  Бірақ,  бұл  –  ұлттың  емес,  аумақтың  жаңғыруы  еді.  Өзін 
бағалайтын  әр  адам  тарихтың  сабағын  айқын  түсінуі  керек.  Революциялар 
дәуірі  әлі  біткен  жоқ.  Тек  оның  формасы  мен   мазмұны  түбегейлі  өзгерді. 
Қазақтың  кешегі  тарихы  бұлтартпас  бір  ақиқатқа  –  эволюциялық  даму  ғана 
ұлттың  өркендеуіне  мүмкіндік  беретініне  көзімізді  жеткізді.  Бұдан  сабақ  ала 
алмағандар,  тағы  да  тарихтың  темір  қақпанына  түседі.  Ендеше,  эволюциялық 
даму  қағидасы  әрбір  қазақстандықтың  жеке  басының  дербес  бағдарына 
айналуға  тиіс.  Бірақ,  қоғамның  эволюциялық  дамуы  қағида  ретінде  мәңгі 
тұмшаланудың  синонимі  емес.     Сол  себепті,  тарихтың  ащы  сабағын  түсініп 


қана  қоймай,  әр  азамат  күнде  көріп  жүрген  қазіргі  құбылыстардан  ой  түйіп, 
 болашақтың  беталысына  қарап,  пайым  жасай  білу  де  айрықша  маңызды. 
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде 
жамылды.  Бірақ,  бәрі  де,  түптеп  келгенде,  қантөгіспен,  экономикалық 
күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.   Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой 
елегінен  өткізіп,  қорытынды  жасау  –  қоғамның  да,  саяси  партиялар  мен 
қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани 
жұмысының бір бөлігі.  
-  Сананың  ашықтығы.  Көптеген  проблема  әлемнің  қарқынды  өзгеріп 
жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында 
қалуынан  туындайды.  Бір  қарағанда,  жер  жүзіндегі  миллиардтан  астам  адам 
өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып 
жатқан  ағылшын  тілін  біздің  де  жаппай  және  жедел  үйренуіміз  керектігі  еш 
дәлелдеуді  қажет  етпейтіндей.  Еуропалық  Одақтың  400  миллионнан  астам 
тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді 
 сыйлап  келед. Әлде  100  миллиондаған  қытай  мен  индонезиялықтар, малайлар 
ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр. Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы 
емес,  жаһандық  әлемге  еркін  кірігіп,  жұмыс  істеудің  басты  шарты.     Бірақ, 
мәселе  бұған  да  тіреліп  тұрған  жоқ.  Сананың  ашықтығы  зерденің  үш 
ерекшелігін білдіреді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет