өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен
жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды
телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек.
Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын
азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Қазіргі медиамәдениетті
суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы
оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат
құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс. Бұл жоба үш мәселені
шешуге бағытталғаны жөн.
1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан
нақты адамдарды қоғамға таныту.
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа
мультимедиалық алаңын қалыптастыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт
ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс
.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі
дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы
түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен
сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру
міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт
ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін
процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және
жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи
мүмкіндігі беріліп отыр. Барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру
жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенеміндеп
көрсетілген мақалада. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – жалпы
дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған
көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: