Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет78/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105
Саяси  ынтымақтастық.  Қазақстан  Республикасы  мен  Тәжікстан 
Республикасы  арасындағы  екіжақты  қарым-қатынастар  өзара  достастық  және 
тату көршілік негізде тиімді түрде нығаюда және барлық салалардағы дамудын 
жоғары  қарқынын  көрсетеді.  Қазақстан  мен  Тәжікстан  70  астам  құжаттан 
құралатын  ынтымақтастықтың  барлық  салаларын  қамтитын  кең  шарттық-
құқықтық  базаға  ие.  2006  жылғы  4-5  мамыр  аралығында  Тәжікстан 
Республикасы  Президенті  Э.Рахмонның  Қазақстан  Республикасына  ресми 
сапары өтті. 2007 жылғы 12-13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы 
Президенті Н.Назарбаев Тәжікстанда ресми сапарымен болды. 2008 жылғы 12-
13  мамыр  аралығында  Тәжікстан  Республикасы  Президенті  Э.Рахмонның 
Қазақстан  Республикасына  ресми  сапары  өтті.  Сапар  барысында,  ҚР  мен  ТР 
арасында  Мемлекетаралық  Үйлестіру  және  Сыртқы  істер  министрлерінің 
кеңестері  құрылды.  2010  жылғы  1-2  желтоқсан  аралығында  Тәжікстан 
Республикасы Президенті Э.Рахмон Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитіне 
қатысты.  2011  жылғы  15  маусымда  Тәжікстан  Республикасы  Президенті 
Э.Рахмон  Астана  қаласында  өткен  ШЫҰ  Мерейтойлық  мемлекет 
басшыларының  саммитіне  қатысты.  2011  жылғы  12  тамызда  Тәжікстан 
Республикасы Президенті Э.Рахмон Астана қаласында өткен ҰҚШҰ бейресми 
саммитінің  жұмысына  қатысты.  2011  жылғы  2-3  қыркүйек  аралығында 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаев  Душанбе  қаласында  өткен 
ТМД  Кеңесінің  жұмысына  қатысты.  2010  жылғы  24  қарашада  Қазақстан 


Республикасы  Премьер-Министрі  К.Мәсімовтің  Тәжікстанға  жұмыс  сапары 
өтті.  
Сауда-экономикалық 
ынтымақтастық
2012 
жылғы 
Қазақстан 
Республикасының  Тәжікстан  Республикасымен  сыртқы  сауда  айналымы  705,9 
млн.  АҚШ  долл.  құрады  (экспорт  –  604,3  млн.АҚШ  долл.;  импорт  –  101,6 
млн.АҚШ долл.). 2013 жылғы екіжақты тауар айналымы 564,4 млн. АҚШ долл. 
құрап  (экспорт  -  492,5  млн.долл.,  импорт  –  72,9  млн.долл.),  2012  жылғы 
көрсеткішімен салыстырғанда 20,1 пайызға төмендеді (705,9 млн. АҚШ долл.). 
2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 91,9 млн. АҚШ долларын 
құрады (экспорт – 73,1 млн. АҚШ долл., импорт – 18,8 млн. АҚШ долл.). 2013 
жылғы  19-20  желтоқсан  аралығында  Астана  қаласында  Қазақстан-Тәжікстан 
сауда-экономикалық  ынтымақтастық  жөніндегі  үкіметаралық  комиссиясының 
11-ші отырысы өтті. 
Мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық.  Шығармашылық  ұжымдар, 
мәдениет  және  өнер  өкілдерінің  өзара  сапарлары  тұрақты  түрде  өткізілуде. 
Душанбе  қаласында  «Бәйтерек»  Қазақ  ұлттық  орталығы  жұмыс  істейді.  2009 
жылғы 20-22 сәуір аралығында Душанбе қаласында Орталық Азия, Иран және 
Ауғанстан  елдеріндегі  қазақтардың  кіші  Құрылтайы  өтті.  Білім  саласында 
ынтымақтастық  қарқынды  дамып  келеді.  Жыл  сайын  ҚР  Жоғары  Оқу 
Орындарында Тәжікстан азаматтарына 100 мемлекеттік оқу гранттар бөлінеді. 
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық 
қатынастар  1992  жылдың  5  қазанында  орнатылды.  Қазақстанның 
Түрікменстандағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  2012  жылғы  желтоқсаннан 
бастап, ал Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2010 
жылғы ақпаннан бастап қызмет атқаруда. 
Cаяси  саладағы  ынтымақтастық.  Екіжақты  ынтымақтастықтың 
шарттық-құқықтық  негізін  52  құжат  құрайды,  соның  ішінде  1993  жылғы  19 
мамырдағы  Достық  қатынастар  және  ынтымақтастық  туралы  шарт  және  1997 
жылғы  27  ақпандағы  Ынтымақтастықты  одан  әрі  дамыту  туралы  декларация 
негізгі  құжат  болып  табылады.  2007  жылғы  11-12  қыркүйек  аралығында  ҚР 
Президенті  Н.Назарбаевтың  Түрікменстанға  мемлекеттік  сапары  өтті. 
Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов Астананың 10-жылдығын тойлауға 
(2008 жылғы 6 шілде), Алматыда ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттер басшылары 
саммитіне  (2009  жылғы  28  сәуір),  Қазақстан,  Ресей,  Әзербайжан  және 
Түрікменстан  мемлекет  басшыларының  бейресми  саммитіне  (2009  жылғы  11 
қыркүйек)  және  ЕҚЫҰ  саммитіне  (2010  жылғы  1-2  желтоқсан)  қатысты.  2009 
жылғы  13-14  желтоқсан  аралығында  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың 
Түрікменстанға жұмыс сапары өтті. 2012 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Президенті 
Н.Назарбаев  өзінің  ТМД  мемлекет  басшылары  Кеңесінің  кезекті  отырысына 
қатысуы  аясында  Ашхабадқа  жұмыс  сапар  шекті.  2013  жылғы  10-11  мамырда 
Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары 
өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет