Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


философия,  психология,  мәдениеттану  және  филология  ғылымдары



Pdf көрінісі
бет93/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   105
философия,  психология,  мәдениеттану  және  филология  ғылымдары 
бойынша  студенттерге  толыққанды  білім  беруге  қажетті  барлық 
жағдайды  жасау  арнайы  аталды.  Гуманитарлық  зиялы  қауым  өкілдері 
еліміздің  жоғары  оқу  орындарындағы  гуманитарлық  кафедраларды  қайта 
қалпына  келтіру  арқылы  мемлекеттің  қолдауына  ие  болды.  Президент 
пікірінше  елге  инженерлер  мен  дәрігерлер  ғана  емес,  қазіргі  заманды  және 
болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.  
2.  Алдағы  бірнеше  жылда  гуманитарлық  білімнің  барлық  бағыттары 
бойынша  әлемдегі  ең  жақсы  100  оқулықты  әртүрлі  тілдерден  қазақ  тіліне 
аударып,  жастарға  дүние  жүзіндегі  таңдаулы  үлгілердің  негізінде  білім  алуға 
мүмкіндік  жасау  көзделген.  2018-2019  оқу  жылының  өзінде  студенттерді  осы 
оқулықтармен қамту мақсаты қойылған еді.  
3.  Ол  үшін  қазіргі  аудармамен  айналысатын  құрылымдар  негізінде 
мемлекеттік  емес  ол  Үкіметтің  тапсырысы  бойынша  2017  жылдың  жазынан 
тиісті  Ұлттық  аударма  бюросын  құру  жұмыстарына  кірісе  бергені  жөн.  Бұл 
бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?   Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке 
жаңа  сапалық  деңгейде  білім  бере  бастаймыз.  Бұл  –  білім  саласындағы 


жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.  Оған 
қоса,  жаңа  мамандар  ашықтық,  прагматизм  мен  бәсекелік  қабілет  сияқты 
сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке 
айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында 
қалануы тиіс.        
  Елдегі әлеуметтік және гуманитарлық білім ұзақ жылдар бойы бір ғана 
ілімнің  аясында  шектеліп,  дүниеге  бір  ғана  көзқараспен  баға  беруге  мәжбүр 
болған. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-
ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы 
үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын даярлау міндеті қойылды. 
Бұл – мемлекеттің міндеті.   Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз 
ету,  авторлық  құқық,  оқу-әдістемелік  бағдарламалар  мен  профессорлық-
оқытушылық  құрамды  белгілеу  сияқты  жайттарды  ескере  отырып,  кешенді 
түрде шешуге міндеттелген еді.  
Үшіншіден,  Қазақ  «Туған  жерге  туыңды  тік»  деп  бекер  айтпаған. 
Патриотизм  кіндік  қаның  тамған  жеріңе,  өскен  ауылыңа,  қалаң  мен  өңіріңе, 
яғни  туған  жеріңе  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Сол  себепті,  Елбасы 
мақаласында  «Туған  жер»  бағдарламасын  қолға  алуды  ұсынған.  Оның 
ауқымы  ізінше  оп-оңай  кеңейіп,  «Туған  елге»  ұласады.  Мәселен,  «Ауылым  – 
әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» 
деудің  тұпкі  мақсаты  осында.  Бажайлап  қарасақ,  бұл  –  мағынасы  өте  терең 
сөздер.  Бағдарлама  неге  «Туған  жер»  деп  аталады?  Адам  баласы  –  шексіз 
зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге 
түскен,  бауырында  еңбектеп,  қаз  басқан  қасиетті  мекені,  талай  жанның  өмір-
бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін 
жан  баласы  болмайды.  Туған  жерге,  оның  мәдениеті  мен   салт-дәстүрлеріне 
айрықша  іңкәрлікпен  атсалысу  –  шынайы  патриотизмнің  маңызды 
көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, 
шын  мәніндегі  ұлт  ететін  мәдени-  генетикалық  кодының  негізі.  Қазақтар  
ғасырлар  бойы  ұшқан  құстың  қанаты  талып,  жүгірген  аңның  тұяғы  тозатын 
ұлан-ғайыр  аумақты  ғана  қорғаған  жоқ.  Олар  ұлттың  болашағын,  келер 
ұрпағын, талай талай ұрпақтарды қорғады. 
 Сан  тараптан  сұқтанған  жат  жұртқа  Атамекеннің  қарыс  қадамын  да 
бермей,  ұрпағына  мирас  етті.  Туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  нені  білдіреді, 
жалпы,  бағдарламаның  мәні  неде?  деген  сауалдың  сыры  мақалада  да 
көрсетілген. Яғни: 


Біріншісі,  бұл  білім  беру  саласында  ауқымды  өлкетану  жұмыстарын 
жүргізуді,  қоршаған  табиғатты  (экологияны)  сақтап  жақсарту  және  елді 
мекендерді   абаттандыруға  баса  мән  беруді,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи 
ескерткіштер  мен  мәдени  нысандарды  қалпына  келтіруді  көздейді. 
Патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  орта  мектепте  туған  жердің  тарихын  оқудан 
көрініс  тапса  игі.  Туған  жердің  әрбір  сайы  мен  қырқасы,  тауы  мен  өзені 
тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар 
мен  әңгімелер  бар.  Әрбір  өлкенің  халқына  суықта  пана,  ыстықта  сая  болған, 
есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ 
біліп өсуге тиіс; 
Екіншісі,  басқа  аймақтарға  көшіп  кетсе  де  туған  жерін  ұмытпай,  оған 
қамқорлық  жасағысы  келген  кәсіпкерлерді,  шенеуніктерді,  зиялы  қауым 
өкілдері  мен  жастарды  ұйымдастырып,  қолдау  керек.  Бұл  –  қалыпты  және 
шынайы  патриоттық  сезім,  ол  әркімде  болуы  мүмкін.  Оған  тыйым  салмай, 
керісінше, ынталандыру керек;  
Үшіншісі,  жергілікті  билік  «Туған  жер»  бағдарламасын  жинақылықпен 
және  жүйелілікпен  қолға  алуға  тиіс.  Бұл  жұмысты  өз  бетімен  жіберуге 
болмайды, мұқият ойластырып, халық дұрыс түсінетін дәрежеге көтеру қажет. 
Туған  жеріне  көмек  жасаған  жандарды  қолдап-құрметтеудің  түрлі  жолдарын 
табу  керек.  Бұл  жерде  де  көп  жұмыс  бар.  Осы  арқылы  қалаларды 
көгалдандыруға,  мектептерді  компьютерлендіруге,  жергілікті  жоғары  оқу 
орындарына  демеушілік  жасауға,  мұражай  мен  түрлі  қорды  байыта  түсуге 
болады.  Тек  осылай  ғана  «Туған  жер»  бағдарламасы  жалпыұлттық 
патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған 
елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады;  
Төртіншісі, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған 
жер»  бағдарламасынан  бөлек,  халықтың  санасына  одан  да  маңыздырақ  – 
жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруі керек. Ол үшін «Қазақстаның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет