Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет99/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

ҚОРЫТЫНДЫ
            Әлемдік  экономика  мен  халықаралық  қатынастар  үшін  біраз  өзгерістер 
әкелген  2008  жылға  Қазақстан  жаман  жетістіктермен  келген  жоқ,  экономика 
деңгейі жоғарылады, халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағалауларға ие 
болды. 
 
Өткен  жылдың  аяғында  Мадридте  қабылданған  Қазақстанның  20
1

жылғы  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымына 
төрағалығы  туралы  шешім  жайлы  сөз  болып  отырғанын  түсініп  отырған 
шығарсыздар. 
 
Мадрид  мәлімдемесінде  біз  Қазақстанның  алдағы  саяси  реформаларын, 
сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтарын белгілеген болатынбыз. 
Қауіпсіздік  жөніндегі  ең  үлкен  және  беделді  еуропалық  ұйымның  төрағасы 
ретіндегі  Қазақстанның  жаңа  және  маңызды  ролін  қолдау  үшін  Президент 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамашылығымен  «Еуропаға  жол»  мемлекеттік 
бағдарламасы  қабылданды.  Аталмыш  бағдарлама  еуропалық  елдермен 
экономикалық ынтымақтастықты дамытуды, технологиялар мен тәжірибелерді 
тартуды , ішкі заңнаманы жетілдіруді мақсат етіп отыр. 
          Карнеги  қоры  өзінің  «Еуропаға  жол»  жобасы  аясында  (Латвия,  Литва, 
Эстония, Болгария және саяси-экономикалық даму жолындағы басқа да елдерге 
бағытталған)  кезінде  «дөңгелек  үстел»  отырыстарын  өткізді.  Осы  салада  да 
пікіралысудың маңызы зор деп білеміз. 
          Ал  саяси  жаңару  үдерістеріне  келер  болсақ,  өткен  жылдың  соңынан 
бастап  біздің  елімізде  сайлау,  саяси  партиялар  және  БАҚ  салаларындағы 
заңнамаларды  және  олардың  қолдану  тәжірибелерін  жетілдіру  жөніндегі 
мақсатты  жұмыстар  жүргізілуде.  ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  17-ші 
сессиясында  және  Қазақстан  Парламентінің  күзгі  сессиясының  ашылуында 
сөйлеген  сөзінде  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  қоғамдық  институттарды 
жетілдірудің  маңызын  атап  көрсетті  және  еліміздің  қоғамдық-саяси  өмірін  әрі 
қарай демократияландыруға бағытталған бағыттың өзгермейтінін қуаттады. 
          Ең  аз  дегенде  екі  партияның  қатысуымен  парламентті  жасақтауға 
мүмкіндік  беретін,  саяси  партияларды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  жағдай 
жасауын,  электоральдық  процестердің  процедуралық  сәттерін  жетілдіретін, 
БАҚ қызметін реттейтін құқықтық тетік жасау қажеттілігі айтылды. 
         Осы бағыттар бойынша елімізде белсенді заңнамалық жұмыс  жүргізілуде 
және  жақын  арада  бұл  бастамалардың  барлығы  нақты  заңға  айналады  деп 
күтудеміз. Осылайша, біз елімізді замана шындықтарына бейімдеу үшін, саяси 
жүйені жетілдіргелі отырмыз. 


         Қазақстанның  экономикалық  реформалар  саласында  да  жетістіктері 
мақтауға тұрарлық. Соңғы 7 жыл бойынша экономикалық өсім жыл сайын 9-10 
пайыз  деңгейінде  сақталып  отырды.  Ағымдағы  жылы  да  бұл  көрсеткіш 
сақталып  отыр  және  бірінші  жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  5 
пайыздан  астамды  құрады.  Қазіргі  қалыптасқан  жағдай  үшін  —  бұл  жаман 
көрсеткіш емес. 
        Ұлттық  қорды  қоса  есептегенде,  бүгінде  еліміздің  жалпы  резерві  47 
миллиард долларды құрап отыр, Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 7 мың 
долларға  жақындады,  осыдан  10  жыл  бұрын  бұл  көрсеткіш  небәрі  400 доллар 
болатын. 
        Бүгінгі  күнгі  жағдай  бойынша  70  миллиард  доллар  тікелей  шетелдік 
инвестиция  тартылды.  Қазақстан  өзі  де  шет  елдерге  4,5  миллиардтан  астам 
инвестиция салып, белсенді инвесторға айналуда. 
       Қаржы  дағдарысына  қарамастан,  Қазақстан  өзінің  инвестициялық 
тартымдылығын  сақтап  қалды.  Дамыған  қаржы  жүйесінің  арқасында 
қазақстандық банктер капиталдардың әлемдік рыноктарына шығу мүмкіндігіне 
ие  болып  отыр.  Соңғы  4-5  жылдың  ішінде  банк  секторындағы 
инвестициялардың  көпшілігі  жылжымайтын  мүлік  рыногына  жұмсалды. 
Қазақстанға да салдары жеткен, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысқа қарамастан, 
ел  Үкіметі  мен  қаржы  институттары  сыртқы  және  ішкі  төлемдер  бойынша 
дефолтқа жол берген жоқ. 
       Дағдарыс салдарларын жеңу мақсатында Үкімет жаңа Салық және Бюджет 
кодекстерін  әзірлеп,  ел  Парламентінің  қарауына  ұсынып  отыр.  Жаңа  Салық 
кодексінде  өндіруші  сектордың  экономикалық  кірісін  арттыру  есебінен 
экономиканың шикізатты емес секторына салынған жалпы салықтық жүктемені 
барынша төмендетуді, салықтық әкімшілікті және салықтық жеңілдіктер қазіргі 
жүйесін  оңтайландыруды  қарастырып  отыр.  Мысалы,  корпоративтік  салық 
қазіргі 30 пайыздан біртіндеп 15 пайызға дейін төмендетіледі. 
          Бюджет  қаржысы  мен  мемлекеттік  активтердің  тиімді  қолданылуын 
арттыру үшін Парламенттің қарауына жаңа Бюджет кодексі ұсынылды. 
          Қол жеткізіліп отырған экономикалық жетістіктер экономиканы әрі қарай 
түрлендіруге, орнықты даму мен сапалық құрылымдық өзгертулерге алғышарт 
болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет