6.4. Қазақстандағы әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі.
Билеушi орындардың елде халықтың ақшалай табысын арттыруға
бағытталған саясаты тұрғындардың тұрмыс дәрежесiн соғыстан кейiнгi
жылдармен салыстарғанда бiршама ілгері дамығаны байқалды. Тәуелсіздік
алдындағы жылдарда экономиканың өндiрiстiк салаларында қызметкерлер мен
жұмысшылардың еңбек ақылары көтерiлiп, оның ең төменгi мөлшерi 70 сомға
жеткiзiлдi, ал өндiрiстiк емес салалардың қызметкерлерi үшiн жаңа ставкалар
мен жалақылар белгiлендi. Сөйтiп, республика еңбекшiлерiнiң орташа айлық
еңбек ақысы ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында 123,7 сомнан 233,7 сомға дейiн,
өнеркәсiп инженер және жұмысшыларының еңбек ақысы 133,9 сомнан 259,3
сомға дейiн өстi.
Ауыл шаруашылық саласындағы еңбекшiлердiң жалақысы да елеулi өсіп
121 сомнан 247 сомға дейiн көтерілген. Жасына қарай төленетiн айлық орташа
зейнетақы 51,1 cомнан 93,2 сомға дейiн көтерiлдi. Билік орындары мен оның
бүкiл идеологиялық құрылымдары халықтың тұрмыс дәрежесiн тек қана
жалақы мен төлемдердiң өсу деңгейi арқылы бейнелеп декларативтi түрде
сипаттады. Яғни, төлемдердiң мұндай қарқынмен өсуi жылдар бойы халықтың
тұрмыс дәрежесi өсiп келедi деп санады, ал iс жүзiнде бұл ақиқаттан әлдеқайда
алыс едi. Мемлекеттiң және өндiрiстiк салалардың бағаны көтеруi, тауарлар
сапасының тұтынушы сұранысынан сапа және сан тұрғысынан төмен болуы,
тапшылықтың өсуi, жалақының көлемiн қолдан төмендету, ақы төлеудегi
теңгермешiлiк сияқты факторлар халықтың тұрмыс дәрежесiнiң құлдырай
беруiне әкеп соқтырды. Өнеркәсiптің таза өнiмдегi жалақының үлесi жылдан
жылға үнемi төмендеп отырды. Мысалы, ол 1927 ж. 58 пайыздан 1985 ж. 36
пайызға дейін қысқарған.
Халықтың нақты табысының төмендеуiне ақшаның құнсыздануы да әсер
еттi. Мұны көп уақыт бойы билеушi орындар халықтан жасырып келдi.
Құнсыздану қарқыны жылына 4 пайызға (ғылыми тұжырымдар) өскенiн
есептегенде нақты жалақы 1970-1986 жж. 20 пайызға төмендеген. 1985 ж. 1 сом
60-жылдардың ортасындағы оның құнымен теңегенде 54 тиынға келдi. Тiптi
билеушi партияның XXV съезiнде елдiң саяси басшылары еңбекшілердің
ақшалай табысының тұрмыс дәрежесiнiң нақты өсуiнен тіпті алшақ болғанын
ашық айтуға мәжбүр болған.
Билік орындарының ақпараттары мен баспасөз беттерінде осы жылдары
халықты қоғамдық тұтыну қоры есебiнен жәрдем, зейнетақы және жоғары оқу
орындары жастарына бөлінген стипендия мөлшері, тегiн бiлiм алуға, денсаулық
сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жүйелi түрде көптеген
қаражат бөлiнiп отырғаны басып жазылған. Осы кезде тұңғыш рет ұжымшары
мүшелеріне зейнетақы төлеу тәртiбi енгiзiлдi. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек
мүгедектерiне айлық, орташа зейнетақы 33 пайызға көбейтiлдi, 1975 жылы
Отан соғысының мүгедектерiне қосымша жеңiлдiктер енгiзiлдi. Ана мен
баланы қорғау жөнiнде шаралар белгiлендi, соғыс ардагерлерiнiң материалдық-
тұрмыс жағдайы барынша жақсартылды, дүниеге келгеннен мүгедек болған
адамдарға мемлекеттік жәрдем түрлері көбейтiлдi.
Тағы да экономикалық талдаулардың нәтижелерiне сүйенсек, бұл
шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесiн көтеруге ықпалы тым шектеулі
болғанына көзіміз жетеді. Зейнетақы мен жәрдем ақының ең аз мөлшерi
мардымсыз өсiрiлдi, өйткенi оны өсiру үшін негiзге алынған мөлшерi онан да
мардымсыз болатын. Халықтың едәуiр бөлiгiнiң, әсiресе зейнеткерлердiң, көп
балалы отбасылардың табысы тым төмен болып қалаберді, сөйтiп ол көбiнде
күнкөрiс деңгейiне де жанаспады. ХХ ғ. 90-шы жылдары көпшiлiк тұтынатын
тауарлар бағасының, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсетудiң,
қоғамдық көлiктiң бағасының ресми және сол сияқты жасырын түрде ауқымды
өсірілуі халықтың нақты табысын недәуiр төмендеттi.
Өмірде тұрғындардың жылдан-жылға тапшылығы артып, сауда
орындарында сапалы тiгiлген киiм-кешектiң көзi азайып, күнделiктi қажет
азық-түлiк түрлерi тапшыланды. Тамақ өнiмдерiнiң бағасы тоқтамсыз өсіп, оны
өндiретiн салалардың қызметi құлдырады. Республика азаматтарының сауда
орындарының есiк алдын бағып, сағаттап кезекте тұру көрінісі күнделікті
әдетке айналды. Осындай қоғамдық ахуал өткен ғасырдың аяғында халық
арасында партиялық-мемлекеттiк, әскери, шаруашылық басшыларына
астыртын ұйымдастырылған әлеуметтiк артықшылықтарға, қоғамдағы
күнделiктi әдiлетсiздiкке байланысты наразылық өрши түстi. Мұндай
артықшылықтар әлеуметтiк теңсiздiктiң арнаулы түрiн туғызды, iс жүзiнде
бағалайтын болсақ, ақшаның сатып алу құны табиғи санқилы тұтыну нарығын
қалыптастыруға жол ашты. Билеушi топтар артықшылықтарды бөлуде шендiк
принциптi қатаң сақтады. Олардың көлемi қызмет орнынының дәрежесiмен
белгiлендi.
Аталмыш кезде қатардағы азаматтарға тағы бір аса өткiр проблема – ол
кезек тәртібінде тұрғын үй алу болды. Оны шешуде бiршама iлгерi жылжу
байқалса да, халық санының өсуiне байланысты көптеген отбасылары
бiреулердiң босағасында паналаумен ғұмырын өткiзген. Үй салуға бөлiнген
қаржы көлемi шегерiлiп, тұрғын үй құрылысының жоспары тұрақты
орындалмады. Тек 1985-1990 жылдары ғана республикада жоспар бойынша
белгіленген 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға, мектеп, аурухана,
балалар бақшасын салу орындалмаған. Тұрғын құрылысының бұл жағдайына
қарамастан республика астанасы мен облыс орталықтарында құны қымбат
әкiмшiлiк үйлерi бой түзеп өскен.
Осы жылдары Қазақстан халық тұрмысын сипаттайтын көрсеткiштер
бойынша жалпыодақтық межеден әлде қайда төмен болды. Республиканың
көптеген өңiрлерi жан баласы төзiмсiз қиын жағдайда болды. Негiзiнен
қазақтар тұратын түкпiрдегi елдi мекендер қалыпты дәрiгерлiк көмекпен, ауыз
сумен, көкөнiс, жемiс өнімдерімен қамтамасыз етiлу жәйi ешбір сынды
көтермеді, оларда бала-бақша, мектептер, көпшiлiк мәдени орындар жетiспеуі
салдарынан жылдап кезек күтуге мәжбүр етті. Мұндай жағдай республика мен
КСРО орталық билік арасындағы қарама-қайшылықтың қауырт шиеленiсуiне
объективтi негiз болды.
Cөйтiп,
экономикалық
қайшылықтар
әлеуметтiк
қиындықтарды
тереңдетсе, олар өз кезегiнде күрделi адамгершiлiк проблемаларын туғызды.
Жалақы төлеудегi теңгермешiлiк бағыт еңбеккерлердiң қабiлетiн төмендетпеуi
мүмкiн емес едi. Азық-түлiктiң, сапалы өнеркәсiп тауарларының тапшылығы
күшейдi, адамдар өмiрiнiң орташа ұзақтығы қысқарғаны айқын болды. Еңбекке
немқұрайлы қарау, өндiрiс өнімдері мен бөлшек құралдарына қол сұғу, еңбек
тәртiбiнiң құлдырауы, маскүнемдiк, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды.
Сөйтіп, әділетті адамдар теңдігін құруды көздеген большевиктер партиясының
бағдарламасы ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына қарай “көлеңкелi экономика”
арнасына бет алды. Осының бәрi республикада болашағы бұлдыр әлеуметтiк-
экономикалық жағдай жаратылғанының айғағы едi және әлеуметтiк саладағы
дағдарыстың көрiнiстерi билік жүйесiн күйретуге алып келген объективтi
себептер болды.
80 жылдардың бастапқы кезінде Кеңес елiнiң республикаларында аса
ауыр әлеуметтiк-экономикалық дағдарыстар бет алды. Қоғамның саяси
ұйымдасуы, экономикалық қатынастардың күнi өткен жүйесi КСРО-ны күрделi
дағдарысқа әкелiп тiредi. Дағдарысқа тiреген жағдай бұрынғы басшылықтың
толғағы жеткен өзгерiстердi тез игерудегі дәрменсiздiгiнен ғана емес, оның
қажеттiгiн түсiнуге қабiлетсiздiгiнен, барлық экономикалық қызметтiң,
қоғамдық өмiрдiң демократиялық сипатынан автократиялық биліктің (жеке
дара билік), саяси-партиялық және мемлекеттiк міндеттердің жанасып кетуі,
оның өрескел басымдылығынан заңдылықтың бұзылуы; қоғамдық-саяси
өмiрдiң аса маңызды мәселелерiнен қалың бұқара тыс қалғанынан айқын
көрiндi.
Экономикалық салада оның белгiлерi мыналар болды: шаруашылықты
жүргiзудiң шығындық тәсілі бой алуы, әлемдік ғылыми - техникалық,
технологиялық жаңашылдықтан алыстап қалуы, билік арнасындағы
қызметкерлер қатарын және оның қалыптастыруындағы сыбайластық пен iс
жүзiндегі бақылаусыздық, материалдық қорларды пайдаланудағы өрескел
тиiмсіздік, инфляция және орасан зор тауар зәрулiгi.
Қоғамдық өмiрдегi оның негiзгi белгiлерi тұрмыс деңгейiнiң
нашарлауынан, материалдық игiлiктердi бөлуде әділетсіздiктiң етек алуы,
әлеуметтiк әдiлеттiлiктiң жиi бұзылып отыруы, ұлтаралық қатынастардағы
проблемалардың туындауы, шынайы өмірдің бұрмаланып көрсетілуі,
адамгершiлiктiң азуы; маскүнемдiк пен нашақорлық, ұрлық пен жемқорлық
орын алды. Қоғамдағы сыңаржақты идеология мен нәтижесіз реформалар
құлдырау мен тоқырауды жеделдете түсті.
Табиғат қорларынан түскен барлық қаржы орталықта (Мәскеу, Алматы)
қалып, тiптi күнделікті халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы Кеңес
Одағының басқа аймақтарынан тасымалданды. Сыңаржақты идеология мен
жеке басқа табынушылық негізіндегі тоталитарлық билік және ғылым мен
ағарту саласын қаржыландырудың “қалдықты” принципi адамдардың рухани
дүниесiнiң дамуын жылдан-жылға тұншықтырып, жаншыды. Ғылымдар, оның
iшiнде әлеуметтiк-гуманитарлық салалары ресми саясаттың елгезек
“қызметшiлерiне” айналса, ал мәдениет саласы болса ұлттық негiздерiнен
алшақтап этномазмұны жұталана бастады. Мысалы, ХХ ғасырдың екінші
жартысында КСРО аймақтарындағы ұлттық оқу орындары жаппай шегерілді,
ал біздің республикадағы 700-ден астам қазақ тiлiнде оқытатын мектептер
жабылды.
Қоғамдағы қазақ тiлiнiң жағдайы тек тұрмыстық тiлге айналды. Тiлдiң
өзiндiк өрiсi де тарыла түстi, өйткенi, оны жастардың көпшiлiгi ұмыта
бастағаны былай тұрсын, тiптi оларда ана тiлiне деген менсiнбеушiлiк
(нигилизм) пайда болды. Ұлттық мәдениет пен тiлден айырылудың осындай
ұзақ процесi мәңгүрттердiң елеулi тобына даңғыл жол ашты. Осыншама
«жаңашылдық» қазақтардың көңiл-күйiн төмендетіп, тіпті олардың бойы мен
ойында билікке реніш туғызды. Сөйтіп, қазақстандықтар бойында билеуші
партияның бағдарламасына күдік туғызып, мемлекеттік саясатқа сенбеушілік
сезімін ұялатты.
Тағы бір қоғамдық сүйкімсіз көрініс бұл жергiлiктi басқарушы
орындардың дәрменсiздiгi мен жалтақтығы болды. Анағұрлым маңызды саяси-
экономикалық шешiмдер Мәскеуде (Кремль) қабылданып, ұлттық аймақтарға
әмiр (бұйрық) ретiнде жiберiлiп отырды. Қандай да болмасын жоғарғы жақпен
келiспеушiлiк немесе қарсылық “партиялық тәртiптi бұзу” немесе “ұлтшылдық”
деп бағаланып, iле-шала қатаң жазаланды.
Тоталитарлық жүйенiң 20-30 жылдарда өмірге келген “көсемдерге”,
өзiнен жоғары қызметтегi адамдарға табынушылық пен иланушылық Мәскеуде
ғана емес, облыс, аудан, жергiлiктi басқару орындарында да кең қанат жайды.
Республика басқару буындарында қағидатсыздық (принципсiздiк) пен
өзiмшiлдiкке жол ашылып, билеушiлер төңiрегiне қызмет бабын дүние
қоңыздық мақсатта пайдаланатын адамдарды жинады. Сол кездегi халық
“сенiмдiлерiнiң” көз алдында Арал құрғап, қазақ тiлiнiң қолданылу аясы
тарылды, Семей, Жем, Тайсойған, Орал өңiрiндегi полигондарда үздiксiз
жарылыстар жүргiзiлiп, әкiмшiл жүйенiң мәңгiлiк сыңарлары: парақорлық,
Достарыңызбен бөлісу: |