1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен
Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең
алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны
айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер
берілгенін білдірді.
Қазақстан Президентінің 2002 ж. желтоқсан айында Қытай мемлекетіне
жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады.
Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды.
Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық
Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы
шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық
ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық
жөнінде, еларалық қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б.
құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар
жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты.
Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу
казіргі заманғы Қазақстанның сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа
айналды.
Казіргі заманғы Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-
қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз
мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет
арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.
1991 ж. желтоқсанында АҚШ мемлекеттік хатшысы (Дж. Бейкер) Алматыға
келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді.
1992 ж. сәуір айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-
қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол
жылғы мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев алғашқы сапармен Америка Құрама
Штаттарына барды. Осы сапардың барысында:
“Сауда қатынастары
Достарыңызбен бөлісу: