ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет116/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   440
гермес трисмегиске (яғни Үш мәрте Ұлы дейтінге) телінетін жүйені 

білдіреді.

Алхимиялық  дәстүр  –  осы  ілімнің  негізі.  Мамандар  герменизмді 

«оқымысты» және «танымал» деп бөледі. Батысеуропалық Ортағасыр 

және Қайта өрлеу дәуірінде, негізінен, «танымал» герменизм, яғни ал-

химия, астрология, магия кең қолданыла бастады.

Бұл  ілім  Н.Коперникті  де  айналып  өтпеді  (герменизмнің  көрнекті 

өкілдері М.Нострадамус пен Т.Кампанелла болған).

Алайда  ол,  біздің  заманымызда  белгілі  болып  отырғандай,  Джор-

дано Бруноға ерекше ықпал еткен. 1964 жылы американдық зерттеуші 

Ф.А.Ейтенің  «Джордано  Бруно  және  гермендік  дәстүр»  деген  кітабы 

жарыққа шықты. Онда автор Қайта өрлеу алыбының негізгі туынды-

ларында  Гермес  Трисмегистің  рухы  басым  екенін  дәлелдейді.  Бруно 

еңбектерінен  ол  герменизмнің  басты  кітабы  «Асклепияға»  («Тығыз 

жабылған корпустың» екінші бөлімі) идея жағынан да, мәтіні жағынан 

да сәйкестік тапқан. Оның үстіне, әдетте, Бруноның озық көзқарастары 

мен  атеистік  дүниетанымын  дәлелдеу  үшін  айтылатын  ойлары  гер-

менизмнен  алынған  ойлар  болып  шықты.  Н.Коперниктің  әлемнің 

гелиоцентрлік  сызбанұсқасының  өзін  Дж.Бруно,  Ф.А.Ейтенің  пікірі 

бойынша,  герменизм  идеяларының  дұрыстығының  ұлы  дәлелі  деп 

қабылдаған.

Бірақ, біздің ойымызша, бұл Дж.Бруноның ұлылығын және болашақ 

ұрпақтар үшін оның мұраларының маңызын ешбір кемсітпесе керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет