шілікке жету. Ал егер Құдайдың Табиғат екенін еске түсірсек, онда
адамның қоршаған дүниені танып білудегі қиын да азапты жолы
оның бойында бақыт сезімін оятады, ал бұл – ең жоғарғы ләззат.
Өзінің әлеуметтік философиясында Б.Спиноза әркімнің өз-өзін
сақтауға ұмтылуы қоғамның пайда болуына себепші болады деп са-
найды. Ал мемлекет, Т.Гоббс ойлағандай, «келісім-шарт күшінен» емес,
адамдардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттігі
нәтижесінде еңбекті бөлу арқылы пайда болады.
Қоғамның рухани өмірі туралы айтқанда, Б.Спиноза діннің
маңызын тым төмен бағалайды. Библия қарама-қайшылықтарға толы,
бұны аталған құжаттың Құдайдан түскендігі емес, адам тудырғаны-ақ
растайды. Діни сенімнің пайда болуының себебі қарапайым да білімсіз
адамдардың Табиғаттың дүлей күштері алдындағы қорқынышы бо-
лып табылады. Мысалы, келешектегі өлімнен қорқуды айтуға болады.
Адам алдын ала қандай әрекеттерге барса да, одан қашып құтыла ал-
майды. Сондықтан өлімнен қорқу – босқа құртқан уақытпен тең. Бұл –
адам құлдығының бір түрі. Оның орнына адам барлық күш-қайраты
мен қабілетін өмірлік мәселелерді шешуге бағыттауға тиіс. Адамның
қуаныш пен мазасыздыққа, күйзеліс пен мұңға толы өмірі – бұл
шексіз Әлемнің кішкентай ғана бір бөлшегі. Осындай көзқарас адамға
жұбаныш пен тыныштық әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |