ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет171/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   440
адам  мәселесін  Дидро  оның  қалыптасуы,  яғни  тарихи  тәсілді 

қолдана  отырып  жетілуі  тұрғысынан  қарайды.  Адамның  санасы 

Құдайдың  сыйы  емес,  ол  –  материяның  дамуы  жолдарында  туған 

құбылыс.  Ол  өмірдің  күрделенуі,  қиындауы  нәтижесінде  пайда  бола-

ды.

Ойшыл адамның өзімшілдік табиғатын мойындайды, бірақ ақылдың 



көмегімен  оның  шектелуі  мүмкін  деп  санайды.  Адам  басқалардың 

мүдделерін түсінуге және өз қалау-ниеттері мен мақсаттарын ақылмен 

шектеуге қабілетті.

Келісім  теориясына  сүйене  отырып,  Д.Дидро  сол  уақытта 

қалыптасқан «король билігі – Құдайдан» дейтін пікірдің негізсіздігін 

көрсетеді.  Ол  король  билігін  конституция  арқылы  шектеу,  шіркеудің 

ықпалынан босаған зайырлы билік тағайындау керектігін айтады. 

Үшінші мәселе – бұл ойлаудың сократтық сипаты, ол әсіресе оның 



сұхбаттарында, яғни ойшылға сол жылдары қоғамның озық бөлігі кең 

талқылап  жатқан:  табиғат  пен  тәрбиенің,  қажеттілік  пен  еркіндіктің, 

қажеттілік  пен  кездейсоқтықтың  оған  ашылатын  ішкі  қарама-

қайшылықтарын  ашып  көрсетуге  мүмкіндік  беретін  әңгімелерінде 

ерекше  байқалады.  Сонымен,  «Жиен  Рамо»  және  «Жак-фаталист  пен 

оның  қожайыны»  атты  роман-сұхбаттарында  кейіпкерлердің  басынан 

кешкендері  ғана  емес,  олардың  өзара  айтыр-тартыстары  да  автордың 

назарында  болды.  Жактың  фаталист  және  «күлудің  де,  жылаудың 

да  керегі  жоқ,  түсіну  керек»  деп  үйрететін  Спинозаның  шәкірті 

аталуы  жайдан-жай  емес.  «Жиен  Рамода»  сұхбаттың  кейіпкері  – 

композитордың жиені Ж.Ф.Рамо өзінің мақсаты, ұстанымы жоқтығынан 

таймайды, өйткені, оның ойынша, оған тән күнәлар көп ұзамай өмірдің 

жалғыз тірегі деп танылатын болғандықтан, оларды «табиғат өзі рет-

теп қойған». Тәрбие ештеңені де өзгерте алмайды, өйткені «табиғатты 

есіктен қуып шықсаң – ол терезеден қайтып енеді». Алайда ары қарай 

кейіпкердің  көзқарастары  өзгереді:  ол  бұрынғы  пікірлерінен  бас  тар-




172

тып,  енді  адамның  табиғатын  жақсы  жаққа  қарай  өзгерте  алатын 

дұрыс тәрбиенің қажет екенін айта бастайды.

Дидро  сословиелік  теңсіздікке  шұғыл  қарсы  шығады.  «Табиғатта 

жан-жануарлардың  барлық  түрлері  бір-бірлерін  жейді;  қоғамда  бір-

бірін  сословие  құртады.  Барлықтарының  заң  алдындағы  теңдігін 

орнату  керек,  салтанатты  өмір  сүруге  де,  кедейшілікке  де  жол  бер-

мей,  меншікті  біркелкі  бөлу  қажет».  Дидро  бірқатар  еңбектерінде 

басқарудың  республикалық  формасына  құлық  танытқанмен,  бірақ, 

тұтастай алғанда, ол халық өкілеттігі сақталатын шектеулі монархия-

ны жақтайды.

«Энциклопедияны»  шығарудағы  Дидроның  серіктесі  жан  лерон 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет