жоғалтуынан көреді. Бұл ахуалды ұғыммен бекіте түсу үшін,
ол «экзистенциалдық вакуум» түсінігін пайдаланады. Егер өз
болмысының мағынасын жоғалтқан бір адамдар «Құдайды іздеу»
жолын таңдаса, ал екіншілері араққұмарлар мен нашақорларға айна-
лады, үшіншілері қылмыс жолына түссе, ал төртіншілері өз-өздерін
өлтіруге (суицид) жетеді. Гуманистік көзқарастарына сүйене оты-
рып, В.Франкл адамдарға: «Ештеңеге қарамастан, тіпті жазылмайтын
ауруға немесе басқадай бір бақытсыздыққа тап болғанда да, адам өз
өмірінің мән-мағынасынан ажырамауға тиіс», – деген кеңес береді.
Соғыс жылдарында «Бухенвальд» концлагерінде болғанда жинақтаған
экзистенциалдық тәжірибелерін қорыта келе, В.Франкл тіпті осындай
адам төзгісіз жағдайларда да өз өмірлерінің мән-мағынасын жоғалтпай
сақтай алғандар ғана тірі қалғанын, ал оны жоғалтқандардың хайуанға
ұқсас тобырға айналып, ажал тапқанын айтады.
Философиялық мұрасы «экзистенциялық нұр» аталған неміс фило-
софы карл Ясперс (1883-1965) болмыс мағынасы жайындағы мәселені
шешілмейтін мәселе санағандықтан, оны ысырып қойды да, назарын
адам экзистенциясының болмысы тәсілін айқындауға және оның
трансценденцияға қатынасына аударды. Ол әлеуметтік философияға
«шекаралас ахуал» түсінігін және сонымен байланысты «қабыршақ»
немесе «құндақ» ұғымын енгізді.
Адам өз-өзін сақтау мақсатында қиын дағдарыс жағдайынан
қашып, «қабыршақтың» ішіне жасырынғандай болып өмір сүреді.
Бірақ жасырынып қалу қиын. Сондықтан адамға өмір бойы үрейлену,
торығу, күйзелу, өз-өзін кінәлі сезіну ілесе жүреді. «Шекаралас аху-
ал», шын мәнінде, шешілмейді: олар сал болып жатып қалуға немесе
ымыраға келтіреді. Бірақ екеуі де – тығырықтан шығаратын жол емес.
277
Адам өміріне қауіп төнетін жағдайда жан дүние серпілісі орын алады,
терең күйзеліске түскен кезде, адам осы дүниедегі өзінің қайталанбас
болмысының мәнін тауып, түсінеді.
Егер Хайдеггер мен Ясперс өздерін діни ойшылдарға жатқыза оты-
рып, қиын-қыстау жағдайларда Құдайға үміт артуды ұсынса, ал «экзис-
тенциализм» терминін ғылыми қолданысқа енгізген француз филосо-
фы жан поль сартр (1905-1980) адамды тіпті де қорғансыз кейпінде
көреді. Сартр атеистік экзистенциализмнің өкілі болды. Оның таны-
мал болған еңбегі «Болмыс және ештеңе» экзистенциализмнің басты
құжатына айналды.
Сартр мен оның серіктестері француздардың Қарсылық қоз-
ғалысының қайраткерлері және идеологтары болды, сол себепті
азаттық мәселесін аса маңызды деп санады. Ницше сияқты, Сартр да:
«Құдай жоқ, Құдай өлген және адам азат», – деп мәлімдеді. Сартрдың
ойынша, адам ешқандай жағдайларға қарамастан, азат та, құл да болып
қала алады. Қолына кісен салынған адам азат бола алса, ал еркіндікте
өмір сүріп жатқан, тұрмыс жағдайы әбден жақсы адамның да құл бо-
луы ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: |