адамның көзге елестетуі енді оның санасына анағұрлым жақын,
өйткені заттар көз алдыңызда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз.
Мысалы, ата-анаңыздың үйін, жақсы досыңызды, сүйікті затыңызды
көз алдыңызға елестету қиын емес. Бұл жерде де, қабылдаудағыдай,
заттың немесе құбылыстың аса маңызды жақтары ғана елес береді.
Адам психикасының ең ғажап қасиеті – өткенді есте сақтау қабілеті.
Мағлұматтың есте сақталуында оның негізгі екі түрін: сезімдік бейнені
және сөз-түсінік формасын ажыратып көрсетуге болады.
Сонымен, сезімдік таным заттардың айнадағыдай бейнесін
бермейді, оның қалыптасуына мұқтаждықтар мен мүдделер, мақсат
пен мұраттар, сезімдік күйзелістер, қысқасы, адамның барлық мән-
мағыналы күштері ықпал етеді.
Енді дерексіз (абстрактілік) ойлау формаларына келейік. Оларға
Достарыңызбен бөлісу: |