357
ту – аса маңызды әлемдік міндет». Әлбетте, бұл – адамнан арнайы
дайындықты және ерекше дарынды талап ететін үлкен іс. Қарапайым
адамдар ғалымдардан өзгеше бір ғажап жаңалықты күтеді. Егер
ғылыми мағлұмат жай адамдардың түсініп қабылдауына қиын болса,
олар оған қызығушылығын жоғалтады, дәл солай, егер мәселені тым
қарабайырландырып жіберсек, сондай нәтиже аламыз. Сондықтан
бұндай жағдайда «біреуден ілгері, біреуден кейін» болу маңыздырақ.
Мәселенің тағы бұқаралық ақпарат құралына байланысты екінші
жағы бар. Мәселе мынада: журналистер ғалымдардан құлақ түргізіп,
елең еткізетін жаңалық күтеді, егер ғалымдар арасында дау-дамай
туса немесе ұрыс-керіс шықса, тіпті жақсы. Көпшілік жағдайларда
олар күтпеген жаңалық әсерін алу үшін, ғалымдардан бір немесе басқа
ғылыми ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіріп беруді талап етеді.
Дәл осы жерде әртүрлі моральдық-этикалық қарама-қайшылықтар ту-
ады. Мысалы, бір немесе басқа ғалым қол жеткізген ғылыми нәтиже
сараптамадан өтуге тиіс, содан кейін ғана жариялауға жатады. Бірақ
кейбір журналистер күтпеген жаңалықты іздеп, әлі сараптамадан не-
месе алынған нәтижелердің сынағынан өтпеген материалдарды жария-
лап жібереді.
Нәтижесінде, газеттер мен журналдардың беттерінен, радио мен те-
левидение бойынша қатерлі ісіктерді емдеп жазатын «ғажап дәрілер»,
жұздыздар жүйесінің басқа бөліктерінен ұшып келген «тәрелкелер»,
«жаңаландырылған» азық-түліктер туралы және көптеген басқа
жаңалықтарды оқимыз және естиміз. Журналистердің бұндай
әрекеттері адамдарды ағартудың орнына, негізсіз үміттенуге немесе
үрейленуге әкеліп соқтырады.
Алдында айтып өткеніміздей, бүгінгі күні қоғамдық санада
ғалымдардың беделі аса жоғары емес. Олай болса, ғалымдар ғылым
жетістіктерін жұртшылық арасында кең насихаттауға және сол арқылы
қоғамдағы өзінің мәртебесінің өзгеруіне және көтерілуіне жетуге
тырысуға тиіс. Алайда бұл іс әртүрлі тосын жаңалықтарды жария-
лауды емес, тер төге еңбектенуді қажет етеді.