360
Енді көрсетілген әдістемелік қағидаларға сүйене отырып, әлемнің
ғылыми бейнесінің қалыптасуын және қазіргі жай-күйін қарастырайық.
Оның ұзақ жүзжылдықтар бойындағы тар жол, тайғақ кешуі бары-
сында түрлі-түрлі теориялық қағидалар пайда болды. Жаңа дәуірдің
басында Ф.Бэконның аузымен ғылыми дүниетанымның діни соқыр
сеніммен және надандықпен күресу нәтижесінде пайда болатыны
айтылған. Оның қарсыласы Р.Декарт табиғатты зерттеп білу бары-
сында адам шынайы шындықтарды ашуға қабілетті болады, ал ол
шындықтар ғасырлар бойы ешқандай өзгерістерге ұшырамайды деп
санап, адамның ақыл-парасатының күшіне сендіреді.
Алайда уақыт өте келе, ғылымның дамуына байланысты бұрынғы
теориялық жүйелер мен тұжырымдамалар өзгере бастағанда, ғылымда
шынайы шындықтардың жоқтығы, адамзаттың табиғат құпияларына
ары қарай тереңдеп енуіне қарай олардың түрлерінің өзгеретіні тура-
лы көзқарастар пайда болды (П.Дюгем (Дюэм)).
Ғылыми революцияларды жақтаушылар (Т.Кун, К.Поппер) әлемнің
Достарыңызбен бөлісу: