1.2. ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда
болуының алғышарттары туралы
Ең бір ежелгі өркениеттердің Шығыста (Месопотамия, Қытай,
Үндістан, Парсы елдері, Мысыр және т.б.) пайда болғаны белгілі.
Әдебиетте қоғам өмірінің көпшілік салаларында, атап айтқанда, жер
өңдеу, кәсіппен айналысу, сауда-саттық, қару жасау және басқа сала-
ларда б.з.д. V ғасырдағы Шығыс елдерінің басым рөлі мойындалады.
Солай болса да, ғылымның шығу тегіне қатысты көптеген авторлар
ғылымның пайда болуын ертедегі грек мәдениетімен байланыстыра
келе, бұл жерде ғылымның жоқтығын айтады (қараңыз: Философия на-
уки. Академический проект. – М.: 2006. – 37-38-беттер).
Бізге ондай көзқарас негізсіз болып көрінеді. Кез келген танымдық
белсенділіктің (оның ішінде ғылымның да) тереңде жатқан тамыр-
лары тәжірибеден, қоғам алдында үздіксіз туып отыратын нақты
өмірлік мәселелерді шешу қажеттігінен бастау алады емес пе. Үлкен
өзендердің жайылуы және кең алқаптарды су басып жататыны адам-
дарды бөгеттер салуға мәжбүрледі, ал бұл, өз кезегінде, жердің үстіңгі
бетін, оның өлшемдерін мұқият зерттеуді талап етті. геометрия бас-
таулары осылай пайда болды. Сауда-саттықтың өркендеуі сол бойда
үлкен сандармен шұғылдануға келтірді, сөйтіп, математиканың да-
муына себеп болды. Аса үлкен инженерлік жобалар (Вавилон мұнара-
32
сы, Ұлы Қытай қорғаны, Мысыр пирамидалары, Семирамиданың аспа-
лы бақтары және басқалары) математиканың, механиканың, матери-
Достарыңызбен бөлісу: |