ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет273/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   440
еркіндік  ұғымы  экзистенциализмдегі  негізгі  түсінік  бол-

ды.  Еркіндік  адамның  тектік  қасиеті  болып  табылады.  Еркіндік, 

марксизмдегідей,  «танылған  қажеттілік»  емес  немесе  «табиғи 

дарындылықты ашу» да емес, ол – адамның шынайы экзистенциясы, 

оның  тіршілік  етуінің  тәсілі  болып  табылады,  өйткені  ол  –  өз-өзінің 

жобасы.  Адам  өзін  –  өзінен  тудырады.  Адам  –  өзінің  себеп-салдары 

да (causa sui). Бұл дүниеде ештеңе де адамға билік ете алмайды. Бірақ 

еркіндік – таңдау емей, немене?! Ол қалағаның бәрін таңдауға ерікті.

Бұл  жерде  басымызға  экзистенциализмді  анархизмнің  әлдебір 

нұсқасымен  теңестіретін  бір  ой  келе  қалады.  Алайда  ж.п.сартр 

Еркіндік  –  тұлғаның  өзінің  де,  басқа  адамдардың  да  алдындағы 

адамгершілік  жауапкершілігінің  үлкен  ауыртпашылығы  екенін 

айтады.  Міне,  сондықтан  қазіргі  заман  әлемінде  адамдар  өзіне 

жауапкершілік  алғысы  келмей,  еркіндіктен  қашады.  Таңдау  жасап 

қана, яғни еркіндікті іске асыра отырып, адам өзін терең түсінуге, сол 

арқылы басқаларды түсінуге жетеді.

Адам  болмысының  маңызды  ерекшелігі  –  трансценденция  –  өз 

шектерінен шығу болып табылады. олай болса: «Шектерінен шығып, 

тұлға  қайда  ұмтылады?»  –  деген  сұрақ  туады.  Экзистенциализмнің 

діни  нұсқасы  (К.Ясперс,  Г.Марсель)  трансценденттікті  Құдаймен 

теңдестіреді. Демек, тұлға шынайы еркіндікті Құдайдан тауып, Оны-

мен бірігуге ұмтылады. Белгілі орыс экзистенциалисі н.а.бердяевтің 




278

ойы  бойынша,  адам  –  табиғи  әлемдегі  «әлдебір  үйлесімсіздік»,  тәні 

мен  рухы  бар,  қарама-қайшылықтардан  өрілген  тіршілік  иесі.  Сол 

себепті оны қажеттілікпен  түсіну  үшін,  одан  жоғары тұрған  тіршілік 

иесінің  –  Құдайдың  болуы  талап  етіледі.  Алайда  бұл  адам  Құдайға 

біржақты тәуелді дегенді білдірмейді. Философия адамның құдайшыл 

және  Құдайдың  адамшыл  екенін  көрсетуге  тиіс,  өйткені  Иса  Мәсіх 

(Христос)  адам  ретінде  туды.  Құдай  –  ол  рух.  Демек,  рухани  қарым-

қатынаста ғана адамдар осы дүниедегі өз болмысының мағынасын аша 

алады. Діни экзистенциализмнің адамгершілік сипаты да осында. 

Экзистенциализмнің  атеистік  нұсқасы  (Ж.П.Сартр,  А.Камю)  тран-

ценденциализмді  ештеңе  емеспен  теңдестіріп,  оны  (ештеңе  еместі) 

адамның  терең  құпия  экзистенциясы  санайды.  Сөйтіп,  экзистенция 

өз  аясында  шектелген,  уақытша  адами  өмір  сүретін  ештеңе  емеске 

ұмтылу болып шықты.

Еуропалық  өркениет  дағдарысы  XX  ғасырда  ақыл-парасатқа 

және  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  сенімсіздік  тудырады. 

Экзистенциализмнің  өтпелі  ойы:  ақыл-ой  негізінде  ғылыми-техника-

лық  өркендеу  ары  қарай  дамуы  шамасына  қарай  адам  өмірін  нашар-

латып,  болмысын  орнықсыздыққа  келтіреді.  Қатыгездік,  зорлық-

зомбылық  ілесе  жүрген  қоғамның  ары  қарай  қиындай  беруі  адамнан 

өз болмысын ұғынуды, ішкі жан дүниесіне терең талдау жасауды та-

лап етеді. Бұл оқшауланған әлемге адам өзінің рухани табандылығын 

қарсы  қоя  алады.  Егер  осылай  болса,  онда  қазіргі  заман  адамы  үшін 

ең  маңыздысы  табиғат  немесе  таным  философиясы  емес,  –  адамның 

тіршілік етуі философиясы. Адам заттардың ішіндегі зат емес, ол зат-

тай байлыққа жетудің де, танымның да құралы емес, ол – субъект – 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет