ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


құндылықтарға  негізделмеген  жалаң  рационализм



Pdf көрінісі
бет345/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   440
құндылықтарға  негізделмеген  жалаң  рационализм  адамзатты 

бейберекеттіктің  құрдымына  кетіріп,  оның  өз-өзін  құртуына  әкеліп 

соқтырады.  Бұл  бүгінгі  күні  айдай  анық  болып  отыр.  Адамгершілік 

құндылықтарды сыртқа тебетін «бәрін білгіш адам» туралы да осыны 

айтуға болады. Ол – ождансыз және компьютерге көбірек ұқсайды. Ол 

тірілткіш сәулелерін шашатын Күн емес, – салқын және солғын жарық 

беретін Ай. Адамгершілік тұрғыда кембағал адам, қаншалықты арнайы 

білімдері болса да, өмірдің бір қарағанда байқалмайтын нәзік қырларын 




349

көре алмайды, яғни атақты Протагордың «заттар өлшемі» бола алмай-

ды. Ген зертханасында ақ халат киген, бүкіл адамзатты құртуға дайын 

мизантроп – адамды өлердей жек көретін сарамас отырғанын елестетіп 

көрейік. Ол ғаламдық эпидемияға әкеліп соқтыруға қабілетті вирустың 

жаңа түрін шығарған. Адамгершілік тұрғыда бүтін, мығым адам ғана 

өз шығармашылығында «заттар өлшемі» бола алады. Міне, сондықтан 

да  бүгінгі  күні  ғылым  мен  моральдың  өзара  қарым-қатынасы  таным 

теориясының басты мәселесіне айналды.

Егер  өнер  мен  моральдың  өзара  қарым-қатынасын  алып  қарасақ, 

онда  бұл  жерде  де  соған  ұқсас  жағдайды  көреміз.  Адамгершілік 

ізденістермен,  Жаратушының  көріпкелдігімен  толыққан  өнер  ғана 

құнды болмақ. Ождансыз сұлулық адам рухын бағындыруға дәрменсіз.

Кез келген діннің құндылығы да оның жалпыадамдық адамгершілік 

қасиеттерді  насихаттай  отырып,  халықтың  рухани  бірлігін 

қолдайтындығында. Әрбір дін моральдық құндылықтардың бастауын 

Құдайдың жаратушылық құдіретімен байланыстырады. Діни жүйеден 

оның моральдық кодексін алып тастап көріңізші, сонда оның сандырақ 

мифтердің  қырық  құрақ  бірдеңесіне  –  конгломератына  айналғанын 

көресіз.


Егер  философияның  қоғамның  рухани  өміріндегі  рөлін  алып 

қарасақ,  жеке  ғылымдардың  жетістіктеріне  қаныққан  оның  санаттық 

жиынтығы  өткен  ғасырларға  қарағанда,  анағұрлым  байи  түскенін 

байқаймыз.  Бірақ  біз  Платонмен  және  Аристотельмен,  Әл-Фараби 

және  Аквинскиймен,  Гегель  және  Шопенгауэрмен  салыстырғанда, 

болмыстың  метафизикалық  терең  тұңғиығын  түсінуде  қаншалықты 

ілгері жылжыдық? Өкінішке қарай, соншалықты алыс емес.

Сонымен  қатар  ойшылдың  бір  немесе  басқа  адамгершілік 

ұстанымының нәтижесінде философиялаудың, универсумға «өз ойын 

қосудың» және оны «жан-тәнімен сезінудің» әртүрлі формалары пайда 

болды, өйткені әлемдік тарихта болмыстың терең қойнауларын риясыз, 

әділ  зерттеп  білетін  ойшыл  болмаған  және  болашақта,  сірә,  болмай-

тын да шығар. Бұл тұрғыда нақ осы моральдық сана бізге «болмыстың 

өзінің  шексіз  мұхитына  іштей  бойлауға  көмектеседі...  «бірдеңені  бас-

тан кешу», «сезіну» – яғни ортақ өмірде нысанмен бірігіп кетуге бай-

ланысты оны ішінен танып білу деген сөз (С.Л.Франк. Духовные осно-

вы общества. – М., 1992. – 11-бет). 

Қоғамның  тұтастығын  сақтайтын  сыртқы  бекіткіштері  ретінде 

әрекет еткенмен, саясат пен құқық та, егер оларда моральдың ең аз деген 

талаптары  (minimum  minimorum)  болмаса,  қоғамдық  қатынастардың 



350

тиімді реттегіштері бола алмайды. Олай болса, биліктер қоғамды тіпті 

де  басқара  алмайды,  ал  бір  немесе  басқа  құқықтық  актілер  орындал-

майтын болады.

Моральдық  сана  барлық  руханилықтың  негізінде  жатыр.  Бірақ 

бұл  жерде  мораль  жүйесінің  өзі  туралы  күрделі  сұрақ  туады. 

Мыңжылдықтар  бойы  оның  негізі  болып  Құдайдың  жаратушылық 

құдіреті  саналып  келді.  Белгілі  болғандай,  еуропалық  ағартушылар 

Жаңа  заманда  негізгі  христиандық  постулаттарды  жан-жақты  және 

өткір сынға ұшыратып, Ф.Ницшенің: «Құдай өлді!» – деп жар салуына 

түрткі болды.

Алайда  ондай  тұжырым  жасауға  ерте  еді.  Құдай  идеясы  өлген 

жоқ,  өйткені  онда  адамдардың  барлық  маңызды  күштері  және  руха-

ни  талпыныстары  шоғырланған-ды.  Керісінше,  бүгінгі  күні,  мыса-

лы,  рухани  ізденістердің  ұшқындарын,  Құдайға  бет  бұруды  көреміз. 

Бұдан  көбінесе  қазіргі  заманның  руханилықтан  алшақтауына,  та-

уар  фетишизміне,  әлеуметтің  ары  қарай  атомдануына,  өзімшілдіктің 

және  оқшауланудың,  діни  төзімсіздіктің  артуына  қарсылық  білдіру 

байқалады.

Тарихтың,  адам  жүрегіндегі  сияқты,  «қисынды  түрде  түсіну 

қиын  өз  логикасы  бар»  (Б.Паскаль).  Оның  даму  үдерісі,  бір  жағынан, 

қашанда  әртүрлі  халықтардың  жекешеленуімен,  әр  ұлттың  өзінше 

оқшаулануымен,  екінші  жағынан,  қатаң  саяси  күрес  жағдайында 

өмір  сүруді  сақтап  қалу  мақсатында  бірігуге  ұмтылумен  ілесе,  қатар 

жүріп  отырды.  Бұл  үдеріс  дінді  де  айналып  өткен  жоқ.  Өне  бойғы 

бөлшектену,  жік-жікке  бөліну  және  бірігу,  жаңа  конфессиялар  мен 

деноминациялардың  құрылуы  тарихи  нақтылыққа  айналды.  Барлық 

әлемдік  және  ұлттық  діндердің  тарихын  еске  алудың  өзі  жеткілікті. 

Бұл  –  діни  ағымдардың,  мектептердің,  ортодоксальдық  бағыттардан 

бөлініп  шыққан  тармақтардың  құрылуы.  Адамзат  қашанда  әртүрлі 

ойлаушылықты оқшау көретін немесе 1881 жылы-ақ А.С.Пругавиннің 

Орыс  православие  шіркеуіндегі  жікке  бөлінушілікті  жазғанындай, 

«өне  бойы  «дұрыс  сенім  үшін»  деп,  рухани  және  ақыл-ой  азығын 

іздеумен-ақ халықтың ойы әр жаққа шашырап болды...». Ал бар тарих 

қуғын-сүргіннің  де,  жазалау  ошақтарының  да,  бас  шабуға  қойылған 

кеспелтектің де, аяусыз қинаудың да зиян мен қантөгіс қарсылықтардан 

басқа ештеңеге келтірмегенін көрсетті, өйткені сенімге тыйым салу – ол 

Күнге сәуле шашуға тыйым салумен парапар. Осы туралы ойланайық!

Белгілі  психотерапевт  В.Франкл  «Психотерапия  және  дін»  деген 

мақаласында  діндердің  әртүрлілігін  тілдердің  әртүрлілігімен  салыс-




351

тырды.  Ешкім  де  өз  тілін  басқа  тілден  артық  деп  айта  алмайды:  кез 

келген  тілде  адам  шындыққа  келе  алады  және  кез  келген  тілде  оның 

жаңылысуы  және  тіпті  алдауы  мүмкін.  Сондай-ақ  кез  келген  діннің 

көмегімен ол Құдайды – біртұтас Құдайды таба алады. Сондықтан бар 

күш-қайратты  жұмсап,  сенімге  төзбеушілікке  немесе  «буровщинаға» 

қарсы күресу керек.

Ұлы ойшыл И.Кант өзіндік мораль негізін құруға әрекеттенді: оны 

адамнан бойындағы бар ерік максимасы

1

 жалпыға бірдей заңдарды да 



білдіретін іс-әрекеттерді талап ететін «қатаң бұйрық» деп атады. Оның 

үстіне,  И.Кант  бұл  априорлық  ұстанымды  адамның  табиғи  сезімдік 

бейімділіктерінен  қатаң  қорғаштады.  Оның  пікірінше,  іс-әрекет 

қатаң бұйрық талаптарына құрметпен қарай отырып жасалғанда ғана 

моральдық болмақ. Осындай шектен шыққан ригоризм (салқынқанды 

пайымдылық) ол максиманы нақты өмірде іс жүзіне аспайтын етеді.

XX  ғасырда  Батыс  ойшылдары  «табиғат  құқықтары»  идея-

сын  (Э.Фромм)  және  «өмірдің  барлық  формалары  алдында  аса 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет