ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет377/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   440
табылмады. 

Тек XX ғасырда, атомның күрделі құрылымы табылған кезде ғана 

жоғарыда  аталған  сұраққа  жауап  беру  мүмкіндігі  туды.  Атомдардың 

өзара  химиялық  байланысы  олардың  электр  зарядтары  күшінің 

көмегімен  бір-бірлеріне  өзара  ықпал  етуі  болып  шықты.  Ол  күш-

тердің  атом  ядросында  және  оның  электрондық  қабыршағында 

шоғырланатыны анықталды.

Химия  ғылымында  ұлы  орыс  химигі  Д.и.менделеевтің  аты 

оқшау тұрады. Ол 1869 жылы элементтердің кезеңдік жүйесін жасап, 

ғасырлар  бойы  бейберекет  жинақталған  химиялық  деректердің  ора-

сан  көп  санын  белгілі  бір  тәртіпке  келтірді.  Д.И.Менделеевтің  ойы 

бойынша,  химиялық  элементтер  өзара  олардың  атомдық  салмағына 

қарай ажыратылады. Әлбетте, ол уақытта ғалымдар атомның күрделі 

құрылымы  туралы  әлі  ештеңе  білмейтін.  Қазіргі  кезде  химиялық 

элементтер  арасындағы  айырмашылықты  ғалымдар  атом  ядросы 

зарядының көлемінен көреді. Сол уақыттан бері қарай химия әлеуетті 

қарқынмен дами бастады.

Бүгінгі күні іс жүзінде адам өмірінде химия енбеген бірде-бір сала 

жоқ.  Химия  өнімдері  киімімізде,  тамағымызда,  біз  дем  алатын  ауада 

бар. Әдебиетте айтылғандай, осы уақытқа қарай адамзат 8 миллиардқа 

жуық әртүрлі химиялық қосылыстарды дүниеге әкелді. Алайда олар-

ды жүйелеу арқылы химия ғылымын төрт бағытқа келтіруге болады:

1.  Химиялық қосылыстар туралы ілім (1660-1800 жж).

2.  Химиялық құрылымдар туралы ілім (1800-1950 жж).

3.  Химиялық үдерістер туралы ілім (1950-1980 жж).

4.  Эволюциялық химия (осы уақытта).

Қосылыстар туралы ілімде маңызды орын химиялық элементтер 

мәселесіне берілген. Химиялық элемент деп ары қарай өз құрылымын 




377

өзгертпейтін  және  осы  түрінде  дененің  бір  құрамынан  екіншісіне 

өтетін қарапайым заттек түсініледі. Химия ғылымының тарихында ең 

алдымен осыған назар аударған Р.Бойль болды.

Оттегін  ашу,  бұл  химиялық  элементтің  су  қышқылдарының 

құрамына  кіретінін  дәлелдеу  және  флогистонның  (ерекше  жанғыш 

материя)  бар  екенін  теріске  шығару  –  А.Л.Лавуазьенің  еңбегі.  Егер 

Д.И.Менделеевтің  заманында  –  62,  XX  ғасырдың  30  жылдарына  қа-

рай 92 химиялық элемент ашылса, осы уақытта олардың саны 110-ға 

жуықтады.

Ғалымдар  күрделі  химиялық  қосылыстарды  жай  элементтерден 

ажыратуды әлдеқашан білген. Алайда тек XX ғасырда ғана химиялық 

қосылыстардың мәні олардың физикалық табиғатында болатын теория-

сы  құрылды.  Элементтердің  ішкі  күшіне  байланысты,  атомдар  біріге 

отырып,  молекулаларды  –  біртұтас  кванттық-механикалық  жүйені 

құрайды.  Химиялық  байланыс  валенттік  электрондардың  толқын 

күшіне бола орнайды. Соның нәтижесінде молекулалар пайда болады.

Молекулалар  деп  заттектің  өздігінен  жетілген,  аса  ұсақ,  сол  зат-

тектің негізгі қасиеттерін құрайтын бөлшектерді түсіну керек. Химия-

лық  байланыстардың  физикалық  табиғаты  айқындалғаннан  кейін, 

химиялық  қосылыстардың  табиғатын  ашу  мүмкін  болады.  Бұл  –  

бірнеше  элементтен  тұратын,  өзіне  тән  сапалары  мен  қасиеттері  бар, 

атомдары бір-бірлерімен өзара әрекеттесіп, осы қосылыстың молекула-

ларын құрайтын заттек.

Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы XX ғасырда жаңа химиялық 

элементтерді пайдалану қажеттігін туғызды. Жер бетінде бар барлық 

элементтердің ішінен 98,6%-ын сегіз химиялық элемент құрайтын бо-

лып  шықты.  Олар  оттегінен  (47%),  кремнийден  (27,5%),  алюминий-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет