апостериорлық білім – таным нысанасын сезімдік және эмпирия-
лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
апперцепция – кез келген әрекеттің нақты бір субъектінің
алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір
сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
ар-ождан – моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль
бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті, қажыр-қайрат,
адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық
танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты
атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бас-
тап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке) дейін
әртүрлі деңгейде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |