ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет433/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   440
санаттық  апперцепция  –  ғылыми  танымның  алдыңғы  тарихи 

тұрпаты санаттарының торы, яғни соның сүзгісі арқылы ғылымда кез 

келген танылушы мазмұн қабылданады.



422

сәйкестік  ережесі  –  ғылымның  белгілі  бір  саласында  ескі  тео-

рия  мен  оны  ауыстырушы  жаңа  теориялық  тұжырымдама  арасын-

да  «тиісті»  қатынастар  орнатудың  реттеуші  қағидасы.  Осы  қағидаға 

сәйкес, жаңа теория ескі теория одан жеке немесе шекті деп алынатын 

жағдайда ғана «жақсы» болып табылады.

сенсуализм  –  танымның  жалғыз  бастауы  деп  сезінуді  мойындай-

тын философиялық ілім (оған қарама-қарсы ілім – таным бастауы деп 

ақыл-есті мойындайтын рационализм).

синергетика  –  ашық  жүйелерде  (биологиялық,  физикалық-

химиялық және басқадай) құрылатын құрылыс элементтері (қосымша 

жүйелер) арасындағы байланысты зерттейтін ғылыми бағыт.

субстрат  –  философия  мен  ғылымның  материалдық  нысандар 

мазмұнының маңызды түрін білдіретін санаты, негізінде, оған әртүрлі 

нысандардың түрі бойынша көптеген мазмұндарын жатқызуға болады.

сциентизм  –  1)  ғылым  туралы,  әсіресе  жаратылыстануға  қоғам-

дық  өрлеудің  басты  факторы  деп  қарайтын  көзқарас;  2)  XIX-XX 

ғасырлардың  әлеуметтік  ғылымындағы  ағым;  әдістері  бойынша  да, 

қоғамдағы атқаратын қызметтері бойынша да әлеуметтік ғылымдарды 

табиғи ғылымдарға ұқсатуды міндет етіп қойған ағым.

табиғи  ұстаным  –  үйреншікті  және  жаратылыстанымдық-

ғылымдық  бағдарды  білдіретін  құбылыстық  түсінік:  онда  санамен 

жанама  күйге  келтірілген  тәжірибе  дұрыс,  тікелей  деп  қабылданады. 

Табиғи  ұстаным  сонымен  бірге  «табиғаттық»,  «догматтық»,  «әлсіз-

теориялық»  деп  те  аталады  және  құбылыстық  ұстанымға  қарсы 

қойылады, ал оған өту құбылыстық дәуір көмегімен іске асырылады.



телеологизм  –  әлемнің:  жанды  табиғаттағы  ғана  емес,  жансыз 

табиғаттағы  да  барлық  үдерістер  мен  құбылыстардың  себептерін 

мақсатты  анықтаудың  (детерминация)  жалпыға  бірдей  сипатын  мо-

йындайтын ғылыми тұжырымдамалары және бейнесі.



телеология  –  объективті  әлемнің  құбылыстарын  және  адамның 

қызметін  түсінуде  және  түсіндіруде  маңызды  (кейде  шешуші)  орын 

мақсат, қызмет, мағына, маңыз ұғымдарына берілетін тәсіл.

технократизм  –  қоғамның  материалдық  қызметінің  ғана  емес, 

тұтастай алғанда, оның әлеуметтік өмірінің де жетілуінде техниканың, 

технологиялардың,  ғалымдардың  рөлін  асыра  көрсететін  әлеуметтік-

философиялық тұжырымдама.



трансценденттік  –  адам  тәжірибесінің,  адамның  сезімдік  те, 

ұтымды  (трансценденталдық)  та  танымының  шектерінен  тыс  жатқан 




423

және сол себепті танымның емес, таза сенімнің нысанасы бола алатын 

әрекет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет