ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 әлеуметтік институт ретіндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет13/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   382
Байланысты:
Философия

1.5. әлеуметтік институт ретіндегі ғылым
Ғылымның әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының ұзақ та-
рихы бар, бірақ Жаңа дәуірде ғана, ғылымның рөлі мен маңызының 
артуына байланысты, ол ерекше әлеуметтік мәртебеге айнала бас-
тады, яғни өзінің әлеуметтік мәртебесін алып, осы салада жұмыс 
істейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік 
нормаларға қол жеткізуде. Әлеуметтік институт ретінде ғылымды не 
сипаттайды?
Біріншіден, ғылымның өз басқарушы мекемелері, зерттеу институт-
тары мен зертханалары болуға тиіс.
Екіншіден, бұл әлеуметтік институттың материалдық-техникалық 
жабдықталуы оны қаржыландыруды, өзінің меншікті бюджеті бол-
ғанын жорамалдайтын көп шығындарды қажет етеді. Мемлекеттік 
қаржыландырумен қатар, қазіргі заманғы қоғамдардағы ірі жеке 
корпорациялардың жаңа технологиялар жасау, инновацияларды өмірге 
енгізу мақсатында олардың жұмыс істеуіне елеулі қаражат сала оты-
рып, өз тәжірибелік-конструкторлық зертханалары, технорпарктері бо-
латын мүмкіндіктері бар.
Үшіншіден, коммуникация құралдарынсыз, қарқынды ақпарат ал-
масуынсыз ғылымның әлеуметтік институт ретінде жұмыс істей алуы 
ақылға қонбайды. Ол үшін ірі ғалымдардың ғылымның бір немесе 
басқа салалары бойынша ғылыми ізденістің жетекші бағыттарына 
арналған монографиялық зерттеулері, мақалалары мен шолула-
ры, рефераттық жинақтары және т.б. шығарылуға тиіс. Ғылымның 
өзекті мәселелерін, ғалымдардың кәсіби тұрғыда өсуін дамыту үшін, 
ғылымның әртүрлі салаларының өкілдері жаңа идеяларды талқылай 


22
алатын, өз жетістіктерімен бөлісетін симпозиумдар, дөңгелек үстелдер 
ұйымдастыру жемісті болмақ.
Төртіншіден, жаңа күштердің тұрақты ағыны – дарынды, ғылым 
жолын өзінің кәсіби қызметінің саласы ретінде таңдаған жастар 
легі қосылып отырмаса, ғылыми қауымдастық жұмыс істей ал-
майды. Ал оларды университеттер қабырғасында даярлау қажет, 
алайда материалдық тұрғыда ғалым еңбегінің оншалықты жоғары 
бағаланбайтынын есте ұстаған жөн.
Ғылыми қауымдастық басшылыққа алатын әлеуметтік норма-
лар мен құндылықтарға келер болсақ, онда оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет