ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет360/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   382
Байланысты:
Философия

адамның ажалсыздығы
туралы мәселені талқылайтын уақыт 
келген сияқты. Бұл мәселенің адам өмірінің мағынасымен байланы-
сы бар екені айдай анық. Егер осы дүниеге келген адам артында із 
қалдырмаса, оның жауын құртынан айырмашылығы бар ма?!
Ажалсыздық мәселесі кез келген діннің қасиетті өзегін құрайды. 
Ешкім ешқашанда Құдайдың бар немесе жоқ екенін дәлелдей алмай-
ды, бірақ жер бетіндегі миллиардтаған адам Оған сенеді, өйткені ажал-
сыз болғанды, жоқ дегенде, жаны өлмегенін қалайды. Ажалсыздықтың 
бастаулары алыс замандағы алғашқы қауымдық қоғамға, адамдар 
ажалдан қорқа бастаған уақытқа кетеді.
Ертедегі Үндістан мен Мысырда өлгеннен кейін адамның жанының 
басқа денеге ауысатыны туралы идеялар қалыптасқан. Бұдда діні 
адамның жаны бір денеден екінші денеге ауысқанда, күнәларынан 
көбірек тазарады деп санайды. 
Ертедегі гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі баста-
латынына сенген. Құдайлар мен адамдар арасында ерекше үлкен 
айырмашылықтар жоқ. Өлген соң, жақсы адам құдайлар қатарына 
өтіп, өзінің өлмейтін күйіне жетеді.
Бүгінгі әлемдік діндер (христиандық, ислам және бұдда діні) адам 
өлгенмен, оның жанының өлмейтініне сендіреді. Дегенмен әлемдегі 
бірде-бір дін әлі күнге дейін адамға өмір мен өлімнің не екенін 
ұғынықты етіп түсіндіре алмай келеді.
Бұл мәселе бойынша идеалистік философияның ұстанымы діни 
ұстанымға жақын. Алайда адамзаттың көп мыңдаған жылдар бойы 


404
жинақтаған тәжірибесінде өлген адам тірілген емес, ал қазіргі за-
ман адамының ажалсыз жанның денеден тыс және одан бөлек өмір 
сүретініне сенімі аз.
Олай болса, адамның ажалсыздығы деп нені түсінуіміз керек? Осы 
заманның ғылыми деректеріне сүйеніп, біз тіпті 
адам тәнінің
де бұл 
өмірден мүлдем 
жоқ болып кетпейтінін
нық сеніммен айта аламыз. 
Біздің бейнеміз, мінез-құлқымыз, дауысымыз, іс-әрекетіміз, дене 
тұрқымыз толық болмаса да, ұрпақтарымызға беріледі. Сөйтіп, біз ба-
лаларымыз бен немерелеріміз арқылы өмір сүре береміз.
Жан мен рух, ұлы адамдардың істері туралы айтар болсақ, олардың 
туындылары қашанда адамзат тарихында өмір сүруін жалғастыра 
береді. Солар құрған құндылықтардан біз мәңгіліктің жылы лебін 
сеземіз. Егер миллиондаған қарапайым адамдардың тағдыры туралы 
сөз қозғасақ, онда олардың өлместігі – айналасындағылардың есінде 
сақталатын олардың қайырымды істерінде.
Әрине, біз осылардың барлығын да ақылымызбен түсінеміз, бірақ 
адам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет