ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет51/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   382
Байланысты:
Философия

ықпалды және мақсат көздеуші 
себептерін ажыратады. Шындығында, бірдеңенің пайда болуы әлдебір 
нәрсенің ықпал етуі негізінде орын алады. Бірақ, егер біз пайда болған 
зат 
неге арналған
деген сұраққа берілсек, онда бұл Аристотель заттың 
энтелехиясы
(грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік) 
деп айқындаған 
мақсат көздеуші себепті
көреміз. Қазіргі замандағы 
термин тілімен айтқанда, энтелехия – бұл заттың ішкі бағдарламасы.
Бірақ бұл жерде өз заманында Платон көтерген: біздің алдымызда 
жатқан әлем неге кемеліне келмеген деген мәселе пайда болады. Арис-
тотель бұл мәселені материя арқылы шешеді. Инертті, енжар материя 
формамен бірігіп, қажеттіліктің пайда болуына ғана емес, сонымен 
қатар 
кездейсоқтықтың
пайда болуына да келтіреді. Сол себепті, 
бұл дүниедегінің барлығының дами беретініне қарамастан, ештеңе 
де өзінің толық кемеліне жетпейді, яғни өзінің энтелехиясына толық 
сәйкес келмейді.
Ал өмір мәселесіне келер болсақ, тірі ағзаның материалдық 
тәні, ал жанның формасы бар. Сондықтан жан ішкі энтелехияны 
қалыптастырады және ағзаны мақсат көздеуші негізде дамытады.
Аристотель 
жанның үш түрін
ажыратып көрсетеді:
Өсіп-өнетін жан (өсу және көбею);
Сезетін жан (жан-жануарларда болады);
Ойлайтын жан (адам ғана ойлай алады).
Аристотель этика ғылымында да үлкен із қалдырды. Оның адам 
өмірінің мәні туралы ой-толғаныстарына құлақ салып көрейік. 
Көпшілік адамдар өмірдің мәнін 
рақат табудың
соңына түсіп, қызық 
қуудан көреді. Бұл, – шындығын айтқанда, 
құлдардың арманы
.
Екіншілері 
құрмет-қошемет, даңқ
туралы армандайды, бірақ оның 
бәрі оларға басқалар арқылы келеді. Бүгін – бар, ертең – жоқ.


60
Үшіншілері байлық қуып шаршайды. Бұл – табиғатқа қайшы 
келетін, ең бір мағынасыз іс, өйткені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет