ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет6/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   382
Байланысты:
Философия

жүйе
құрайтын 
түсініктерге
сүйенеді. 
Оның үстіне, қорытындылар мен тұжырымдарды нақты өмір және 
тәжірибе
арқылы тексеруге болатын кезде, бұл 
қисынды дәлелденген 
білім
жүйесі болып табылады.
Үшіншіден, ғылымға негізделген білімдердің 
интерсубъективтік
сипаты бар: олар сол білімдерді ашқан ғалымдардың рухани байлығы 
ғана емес, сонымен қатар ол білімдер іс жүзінде бүкіл адамзатқа 
тиесілі, өйткені бір немесе басқа ашылған жаңалықты тану – оны 
ашық талқылауды, ғылыми журналдарда 
жариялауды
, ғылыми 
жұртшылықты барлық мүмкін болатын 
конференцияларда

симпо
-
зиумдарда
алынған білімдердің нәтижелерімен таныстыруды талап 
етеді. Нәтижесінде, ғылыми қауымдастық ашылған жаңалық туралы 
өз пікірін қалыптастыру, ал керек болған жағдайда оны сынау немесе 
маңыздылығын тану мүмкіндігіне ие болады.
Төртіншіден, ғылыми қауымдастықтың ғылымдағы шындықтарды 
тек қарапайым қызығушылыққа, «білімге шөліркеуге» бола ғана аш-
пайтынын атап көрсеткен жөн, дегенмен, сөз жоқ, оны жоққа шығаруға 
да болмайды, бірақ, негізінен, ғылымдағы жаңалықтар адамдар өмірін 
жеңілдету, қоғамдық байлықты арттыру үшін 
пайдаланылады
.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 
ғылым – арнайы 
даярланған адамдардың шынайы өмірдің әртүрлі қырларын та
-
нып білуге бағытталған ерекше рухани қызметі
деген тұжырым 
жасауға болады.
Ондай қызметті іс жүзіне асыру үшін 
субъект
қажет. Ол субъект – 
шындықты іздеуге бағытталған саналы мақсатты қызметке қабілетті 
адам болмақ. Олар – ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, 
зертханашылар және ұйымға біріккен басқа да мамандар. Ең жоғарғы 
философиялық 
рефлексия
(түсініктемесі кітап соңында берілген. – Ау-
дармашы) деңгейінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет