ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


-тарау. жаңа ДәуіР ғылымы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет107/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   382
Байланысты:
Философия

4-тарау. жаңа ДәуіР ғылымы және ФилОсОФиЯсы
4.1. жаңа дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және 
рухани өмірінің ерекшеліктері
Сонымен, Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірлерінің орнына 
тарихтың жаңа кезеңі келеді. Әлі күнге дейін оны қай кезден бастап 
есептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта 
өрлеуге еніп кетеді, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, оның баста-
уын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты.
Ол уақыт Еуропада буржуазиялық қатынастардың қарқынды 
дамуымен сипатталады. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері 
адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына 
деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға 
табиғатты 
тәжірибе арқылы зерттеу
шығады, ал соның нәтижесінде тұтас жа-
ратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: 
онтологиялық (болмыс туралы ілім) мәселелерден 
гносеологиялық
(теориялық-танымдық) мәселелерді зерттеп білуге көшу басым бола-
ды. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер 
мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша, 
«акаде
-
миялар» 
деп аталатын болды.
Осы уақытта танылып үлгірген ғылымдар ішінен 
механика
суыры-
лып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен 
станоктар жасау қажет болды. Сөйтіп, Жаңа дәуірдің 
материализмі 
механистік
түрге айналады.
Әлбетте, 
діннің
ол кезде де қоғамдық санаға ықпалы бар бола-
тын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның 
жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен 
қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп 
өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы 
мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта 
Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай 
өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым –
деизм
(лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге 
араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың 
ары қарай өркендеуіне себеп болды. 
Ал енді сол заманның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет