ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«геометриялық ақыл-ой және сендіре білу өнері туралы»



Pdf көрінісі
бет132/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   382
Байланысты:
Философия

«геометриялық ақыл-ой және сендіре білу өнері туралы»
(1658), 
«Дін және кейбір басқа нәрселер туралы ойлар»
(1670), 
«алғашқы 
христиандарды қазіргілермен салыстыру»
(1657) атты негізгі 
философиялық және діни шығармалары дүниеге келді. Б.Паскальдың 
өзге де танымал болған еңбектері: 
«бос кеңістікке қатысты жаңа 
тәжірибелер», «сұйықтықтардың тепе-теңдігі туралы», «ауа 
жиынының ауырлығы туралы»
деп аталады.
Паскаль тәжірибелік білімдер және «жаңа ғылым» үшін күресті, 
сол себепті 
Декарт
өзінің рационализмімен, сциентизмі және ұзын 
сонар метафизикасымен қоса, оның 
«мәңгі идеялық жауы»
бол-
ды. Солай бола тұрса да, ол Декарттың: «ойдың ұлы қағидасын», 
«гносеологиялық оптимизмін» және «аксиомалық-дедукциялық әдіс-
темесін» жоғары бағалады.
Паскальдың басты философиялық еңбегі – ол 
«Дін және кейбір 
басқа нәрселер туралы ойлар»
(кезінде Вольтер оны қысқартып, жай 
ғана 
«Ойлар»
деп атаған) атты шығармасы. Онда Паскаль іс жүзінде 
«мәңгілік философияның», сондай-ақ Жаңа дәуір философиясының 
барлық мәселелерін қамтыған. «Мәңгілік философия» (philosophia 
perrenis) деген сөз тіркесін алғаш рет Лейбниц енгізген. О.Хаксли 
мәңгілік философия мәселесіне «заттар және ақыл-санасы бар тірі 
тіршілік иелері әлеміндегі Құдайдан келетін нақтылықтың өмір 
сүретінін мойындайтын метафизиканы; адам жанында болатын, 
Құдайдан келетін нақтылыққа ұқсас, тіпті соған парапар психлогияны; 
адамның басты мақсаты барша болмыстың имманентті (жаратылысы-
на тән) және трансценденталдық негізін тану деп жорамалдайтын эти-
каны...» енгізеді (Хаксли Олдос. Вечная философия. М.: «Рефл-бук», 
Ваклер, 1997. – 7-бет).
Философия саласында Паскальды шексіздік мәселесі толғандырады, 
әрі тартады. Бұл – шексіз табиғат, шексіз Құдай, адамның әлемді та-
нып білуінің шексіз үдерісі, адамның шексіз қалау-тілектері мен 
қажеттіліктері, шексіз сүйіспеншілік және т.с.с. Ой-толғаныстары 
оны, ақырында, адамның қашанда шектеулі ақылы үшін ойлау, 
пікірлесу жолымен шексіздікті танып білудің мүмкін еместігі тура-


148
лы қорытындыға келтіреді. «Біз шексіздіктің бар екенін білеміз, бірақ 
оның табиғаты бізге белгісіз, біздің білетініміздей, сандар шектеулі деп 
сендіру – жалған. Демек, сандардың шексіз екендігі дұрыс, бірақ біз 
оның не екенін білмейміз... Осылайша Құдайдың Кім екенін білмей-
ақ, Оның бар екенін білуге болады». Ары қарай «шексізбен салысты-
ру барысында шекті жойылады да, дара болмыссыздыққа айналады». 
Шексіз ғарышқа қатынасы бойынша, әрбір дене, соншалықты үлкен 
болса да, ол – жоғалатын кішкентай бөлшек. Сонымен қатар кез келген 
соншалықты кішкентай денеде де өзінің аспандары мен планеталары 
бар сансыз әлемдер болуы мүмкін.
Паскаль адам ақылының шектеулілігін көре білді. Ол алғаш-
қылардың бірі болып, танымға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет