ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет154/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   382
Байланысты:
Философия

жан лерон 
д’аламбер
(1717-1783) философ-ағартушы ғана емес, сонымен қатар 
белгілі математик, ғылым тарихын зерттеуші де болды. «Энцик-
лопедияға» кіріспе мақалалары ретінде ол «Ғылымдардың шығуы
және дамуы туралы очерк» жазып, келіп түскен мақалаларды Дидро-
мен бірге түзетумен айналысып, аталған еңбектің физика және ма-
тематика бөліктерін жүргізді. Қазіргі заманғы механиканың іргелі 
принциптерін дамытуға д’Аламбер айтарлықтай үлес қосты. Оның 
еңбектері ұлы математик, механик, физик Леонардо Эйлер (1707-
1783), ағайынды Бернуллилер: ықтималдық теориясының шекті 
теоремаларының бірінің авторы Якоб (1654-1705) және XVIII ғасырдың 
ірі математигі Иоганн (1667-1748); дифференциалдық теңдеу жөніндегі 
жұмыстардың авторы Алекси Клод Клероның (1713-1765) еңбектерімен 
бірге 
математикалық физиканың
негізін қалады.
Сұйықтық қозғалысының теориясы, үш дене тапсырмасы, Жер ну-
тациясы (тербелісі), Айдың қозғалысы, желдің қозғалысы теориялары 
бойынша, сондай-ақ музыка теориясы бойынша классикалық еңбектер 
де д’Аламберге тиесілі.
Ойшылдың 
философиялық 
көзқарастарын 
«Философия 
элементтері» деп аталатын жұмысынан байқаймыз. Сапалы біртекті 
материямен бірге, ол материалдық емес белсенді түпнегізді, оның 
ойынша, адамның рухани қызметінде көрінетін бастапқы негізді мо-
йындайды. Сезіну осы рухани бастауға байланысты. Рухани бастау – 
адамның «Мен» деген мәні.
Д’Аламбер заттардың мәніне ой арқылы ену мүмкіндігін жоққа 
шығарды және сол терістеуді ол Құдайға да қатысты таратты.
Д’Аламбердің саяси сенімдері бірқалыпты болды.
поль анри гольбах
(1723-1789) та философиялық көшбасшы-
энциклопедистердің бірі болды. Оның Париждегі салоны іс жүзінде 


173
олардың штабына айналды. Философиялық, әлеуметтік-саяси, ғылыми 
жаратылыстанудың терең білгірі болған ол дәйектілікпен, жүйелі 
ойлауға бейім еді. Сол себепті ол Ағарту дәуірінің материалистік және 
атеистік идеяларын жүйелеуші ретінде көрінді.
Өзінің Табиғат жүйесі» (1770) деп аталатын, замандастары 
«Материализмнің Библиясы» деп атаған басты еңбегінде Гольбах Нью-
тон механикасын философиялық ой тезінен өткізуге әрекет жасады.
Әрбір дәйекті материалист сияқты, Гольбах материяны талдауды 
бастапқыдан бар, адамның рухани өміріне қатысы жоқ нәрседен бас-
тайды. 
Материяның классикалық анықтамасын 
берген де – нақ осы 
Гольбах: материя дегеніміз – нақты шынайылықта бар, қандай түрде 
болса да, біздің сезімдерімізге әсер ететін, сезінуді тудыратын нәрсе 
(материяның осы анықтамасын сансыз көп рет философтар асқан 
данышпандық деп айтып келді, бірақ ол... Ленинге телінген-ді). Ары 
қарай Гольбах ең бір күрделі құбылыстарға, тіпті Адамның санасына 
да түсініктеме беруге әрекеттенді.
Гольбах бойынша, «табиғат – ол барлығының себебі», ол – өз-өзінің 
себебі, тұтастай алғанда, ол Гольбах молекулалар (кейде – атомдар) 
деп атайтын ұсақ материалдық бөлшектерден тұрады. Табиғат – ол 
өз-өзіне себеп болатын, бөлшектерден тұратын, қозғалыспен өзгеретін 
материяның нақ өзі. 
Материяның жалпы және бастапқы қасиеттері – ол тартылыс, 
бөлінушілік, ауырлық, қаттылық, қозғалғыштық, инерция күші. 
Материяның өмір сүру тәсілі – механикалық, химиялық, биологиялық 
бола алатын қозғалыс. Табиғат бірбүтін, ал осы қасиетімен ол себептер 
мен салдарлардың тізбегі ретінде әрекет етеді, сондықтан діни сезімге 
бұл жерде орын жоқ. Барлық құбылыстар қажет, бұл – заңдардың 
объективтілігінің салдары. Табиғатта кездейсоқтық жоқ. Заттардың 
қажетті тәртібіне сәйкес, табиғатта өмір өздігінен туады, ал оның 
шығар шыңы – Адам.
Діннің шығуын Гольбах атеистік тұрғыдан қарайды («Қасиетті 
жұқпалы ауру», «Әшкере болған христиандық», «Киелілер галерея-
сы»). Ойшылдың пікірінше, дін қорқыныштан, надандықтан және ал-
даудан туған. Құдай жоқ, ол туралы түсініктің өзі бір-бірін терістейтін 
белгілердің: метафизикалық (мәңгілік, шексіздік және тағы сол 
сияқтылар – ол адамдық қасиеттерді жоққа шығару) және моральдық 
(ақыл, ерік және т.с.с.) қосылуы жолымен алынған. Ол табиғатты та-
нып білуге ұмтылудың құдайлар туралы көзқарастардың жойылуына 
әкеліп соқтыратынына сенімді болды.


174
Екінші бір танымал философ-материалист және атеист 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет