ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


-тарау. неміс классикалыҚ ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет159/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   382
Байланысты:
Философия

6-тарау. неміс классикалыҚ ФилОсОФиЯсы
6.1. неміс классикалық философиясының пайда болуының 
тарихи шарттары және оның жалпы сипаттамасы
Ф.Энгельстің «жеңіл аузымен» «классикалық» деген атауға ие 
болған тамаша философия Германияда XVIII ғасырда пайда болды. 
Философиялық ойдың бұл ірі де ықпалды ағымы – Жаңа дәуір мен 
Ағартушылықтың нәтижелерінің қорытындысы, тұрақты маңызы бар 
шығармашылық қызметтің шыңы іспетті. 
Бұл ағымға К.Маркс пен Ф.Энгельстің ілімін де жатқызуға болушы 
еді. Советтік философияда идеологиялық түсінік бойынша маркстік 
ілім философиялық ойлауды дамытудағы дербес, оқшау тұрған, 
жаңа сапалы кезең деп қабылданған-ды. Ал қазір идеологиялық 
кедергілер алынып тасталған соң, олардың ілімінің неміс классикалық 
философиясының даму кезеңдерін аяқтаушы бола отырып, оның 
дәстүріне әбден үйлесімді екені көрініп тұр.
Ең бір таңғаларлығы – ол философиялық ойлар артта қалған, 
феодалдық бытыраңқылық орын алған елде пайда болып отыр ғой. 
XIX ғасырда әдебиет пен өнер данышпандарының небір саңлақтарын 
дүниеге келтірген Ресей де әлеуметтік-экономикалық дамуы кенже 
қалған мемлекет болатын. Шын мәнінде, шың қандай биік болса, құздар 
да соншалықты терең болады. Осы мысалдар арқылы біз әлеуметтік-
экономикалық және рухани даму арасында тікелей сәйкестік бол-
майтынына тағы бір рет көз жеткіземіз. Өз заманында Ф.Энгельс 
бұның себебін халықтың психологиялық құрылымымен түсіндірген. 
Қызуқанды халық болған соң, француздар ұзақ ойланып жатпастан 
көшеге шықты, король билігін құлатты, аристократтарды елден қуып 
шықты, барлық сословиелік ескі нанымдарды жойып, капиталистік 
қатынастардың дамуына тура жол ашты. Ал мінезі салмақты, тыныш 
немістер алдымен революцияны ақыл-парасаттарында тудырып алып, 
содан кейін ғана әлеуметтік өзгерістер жасауға көшті.
Ф.Ницшенің пікірі бойынша, жәдігерлер туғызу үшін екі нәрсе 
қажет: бұл, біріншіден, дарынды адамдардың күнделікті «күйбең 
тіршіліктен» азат болуы және, екіншіден, шығармашылықпен айналы-
су үшін, олардың бос уақытының жеткілікті болуы.
Ф.Ницше шындыққа жақынырақ болып көрінеді. Ал, шындығында, 
Ресейде мәдениет жәдігерлерін кім тудырды? Шаруалар емес, – дво-


181
ряндар, әрине. Олар тамаша білім алды, бастарына материалдық 
ауыртпашылықтар түскен жоқ және бос уақыттары көп болды. Мүмкін, 
басқа да себептері болған шығар.
Бытыраңқы Германия туралы айтар болсақ, онда әрбір герцог 
немесе князь «ағарған монарх» болып көрінуге тырысатын, сол 
себепті дарынды қайраткерлерді өздеріне жақын тартып, олардың 
шығармашылығына жақсы жағдай туғызды.
Оның терең себептері, әрине, Тарихтың үнінде, Германияның 
уақыт талаптарына лайықты жауап қайтаруға тиіс екендігінде жатты. 
Міне, сондықтан да неміс философтары, жасырын түрде болса да, сол 
кездегі тәртіптерге, халықтың аянышты хал-ахуалына қарсы шықты. 
Рухани тіршілік иесі ретінде адамның қоршаған дүниені өзгертуге 
қабілетті екеніне және, оған қоса, соны істеуге 
тиіс
екеніне сенді. Осы 
мақсаттарда олар диалектика – даму туралы ілім құрды.
Неміс философиясының келесі бір ерекшелігі – Л.Фейербах, К.Маркс 
пен Ф.Энгельстен басқа, барлық қалған өкілдер идеалистік бағыттың 
жақтаушылары болды. Егер, мысалы, француз ағартушылығы 
өкілдерінің көпшілігі материалистік бағдарға жақын болса, И.Кант, 
Г.Гегель және басқа ойшылдар, керісінше, адам санасының маңызын, 
рухтың шығармашылық күш-қуатын атап көрсетті. Олар руха-
ни дамудың тарихын зерттеді, адамның пайымы мен ақылының 
арасындағы қарама-қайшылықты, шындық пен азаттықтың, әсемдік 
пен жақсылықтың құндылығын көрсете алды.
Енді, біздің ойымызша, XVIII ғасырдағы неміс философиясының 
аса көрнекті өкілдерінің шығармашылығына нақтырақ талдау жасай-
тын уақыт келген сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет