205
жоқ, ойлау қабілетіне ие тіршілік иелері – адамдар ғана бар. Материяны
рух тудырмайды, керісінше, материя тарихи тұрғыда рухты жаратады.
Адамның ойлау қабілеті қаншалықты ғажап болса да, оның миының
қызметі ғана болып табылады. Адам тәнінен ажыратылып алынған,
оның шектеулі және ақырғы өмірінен азат етілген рух Құдайға ай-
налады. Мән – бар-жоғы ұғым ғана. Оны адамның денесінің тұрқын
құрайтын сүйектерімен салыстыруға болады. Алайда тірі адамның
тәні, миы, қан айналысы мен жүйке жүйесі бар. Бірақ гегельдік фило-
софияны сүйектермен ғана қоректеніп жүре беретін қорқау қасқырға
теңеп, Фейербах өзінің ұстазының философиялық жүйесін келеке,
мазақ етті.
Егер осылай болса, онда философия сондай болып табылатын
бол
-
мыс ұғымынан емес,
өмірге қанық
болмыстың өзінен
басталуға тиіс
қой. Бұл жағдайда біз заңды түрде барлық философиялық санаттарды
дарадан
, жалқыдан шығаруға тиіспіз, өйткені кез келген нақты бол-
мыс – ол қазір, осы жерде немесе ана жерде бар, өмір сүретін әлдене.
Егер болмыс жалқы, бірегей заттардан тұрса, онда ойлау жалпыны ту-
дырады.
Достарыңызбен бөлісу: