ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет236/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   382
Байланысты:
Философия

мишель поль Фуко
(1926-1984) өзін ешқашан структуралист 
санамағанмен, оның жеткілікті дәрежеде бүтін шығармашылығында 
структурализмнің үрдістері айқын байқалады, өйткені ол мәдени 
негіздің (эпистем) инварианттық пішін үйлесімін іздеумен айналыс-
ты. Ол диахрондық факт жинаушылықтан бас тартып, басты назарын 
мәдениеттің лингвистикалық-семиотикалық
1
механизмдеріне аударды 
(бұл әсіресе «Сөздер мен заттар: гуманитарлық ғылымдардың археоло-
гиясы» (1966) атты еңбегінен көрінеді). 
Осының бәрі, сондай-ақ барлық «антропологиялық қиялдардың» 
мәселелері оның көзқарасын структурализм идеясына жақындата 
түседі.
Француз зерттеушілері арасында өзін структуралист деп ашық 
жариялаған жалғыз адам – этнолог, құрылымдық антропология 
тұжырымдамасын құрушы 
клод леви-строс
болды. Өзінің фило-
софиясын ол сезімдікті ұтымдылыққа ұштастыруға ұмтылатын «аса 
жоғары рационализм» деп атады. Философия, оның ойынша, шын 
мәнінде «ғылымды уақытша ауыстырушы», ал соңғы өзінің дамуы 
шамасына қарай философиялық мәселелер саласын табысты игереді. 
Ғылымның өзін ол оның құрамына әдетте таза философиялық деп сана-
латын көп мәселелерді енгізе отырып, барынша кең түсіндіреді. Сөйтіп, 
Леви-Строс, Руссодан кейін, этнологияның негізгі міндеті – табиғаттан 
1
Семиотика – тілдік таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым саласы.


261
мәдениетке өтуді зерттеу деп санайды. Аутентистік (гр. – authenticos – 
шынайы, бастапқы көзден шығатын) структурализм философиясының 
сипаттамасын «трансценденттік субъектісіз кантиандық» (
Кант ілімі 
туралы сөз болып отыр. – Аудармашы
) ретінде қабылдай отырып, ол 
өз тұжырымдамасында субъектінің болмауы фактісінен құрылымдық 
антропологияға нысанға айналған ойлаудың нақтылығына тікелей қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін артықшылық көреді.
Леви-Строс 
шығармашылығында 
структурализмге 
батыл 
жатқызуға болатын ерекшеліктер айқын көрінеді. Олар:
– «тарихқа» қарсы қойылған структурализмге сүйену;
– субъектіге қарсы қойылған тілге сүйену;
– санаға қарсы қойылған санадан тыс әрекетке сүйену.
Структурализмнің тағы бір маңызды ерекшелігін айту керек: ол – 
тәртіптілік арасы. Оның үрдістері халықаралық болды, бірақ олар әр 
жолы әртүрлі жағдайларда іске асырылды.
Барлық философ-структуралистер немесе соларға жақын болғандар 
қоғамның: тіл білімі, психология, тарих, этнография секілді аса 
күрделі құбылыстарында әртүрлі өзгерістер жағдайында өзгермей, 
сол қалпында қалатын (инварианттық) құрылымдарды тапты. Алайда 
құрылымның кейбір элементтерінің орнын ауыстырып қою арқылы 
олар нысанның кейбір жаңаланған, түрлері өзгерген формаларын алуға 
тырысты. Сөйтіп, бір топқа жататын заттардың әлдебір жиынтығының 
құрылымдық айырмашылықтарын зерттей келе, құрылымның 
солардың негізінде жатқан дерексіз инвариантына жетуге болады. Мы-
салы, әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде біртұрпатты қайсыбір 
құрылымдардың бар екені анықталды, олар да адамдардың ойлауын-
да «қалыпты» және «қалыптан тыс» күйінде ашылған; бір-бірлерінен 
континент, теңіздер және басқалары арқылы алшақ жатқан түрлі-түрлі 
халықтардың мифтерінде біртұрпатты құрылымдар табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет