сәйкестік ережесі – ғылымның белгілі бір саласында ескі тео-
рия мен оны ауыстырушы жаңа теориялық тұжырымдама арасын-
да «тиісті» қатынастар орнатудың реттеуші қағидасы. Осы қағидаға
сәйкес, жаңа теория ескі теория одан жеке немесе шекті деп алынатын
жағдайда ғана «жақсы» болып табылады.
сенсуализм – танымның жалғыз бастауы деп сезінуді мойындай-
тын философиялық ілім (оған қарама-қарсы ілім – таным бастауы деп
ақыл-есті мойындайтын рационализм).
синергетика – ашық жүйелерде (биологиялық, физикалық-
химиялық және басқадай) құрылатын құрылыс элементтері (қосымша
жүйелер) арасындағы байланысты зерттейтін ғылыми бағыт.
субстрат – философия мен ғылымның материалдық нысандар
мазмұнының маңызды түрін білдіретін санаты, негізінде, оған әртүрлі
нысандардың түрі бойынша көптеген мазмұндарын жатқызуға болады.
сциентизм – 1) ғылым туралы, әсіресе жаратылыстануға қоғам-
дық өрлеудің басты факторы деп қарайтын көзқарас; 2) XIX-XX
ғасырлардың әлеуметтік ғылымындағы ағым; әдістері бойынша да,
қоғамдағы атқаратын қызметтері бойынша да әлеуметтік ғылымдарды
табиғи ғылымдарға ұқсатуды міндет етіп қойған ағым.
табиғи ұстаным – үйреншікті және жаратылыстанымдық-
ғылымдық бағдарды білдіретін құбылыстық түсінік: онда санамен
жанама күйге келтірілген тәжірибе дұрыс, тікелей деп қабылданады.
Табиғи ұстаным сонымен бірге «табиғаттық», «догматтық», «әлсіз-
теориялық» деп те аталады және құбылыстық ұстанымға қарсы
қойылады, ал оған өту құбылыстық дәуір көмегімен іске асырылады.
телеологизм – әлемнің: жанды табиғаттағы ғана емес, жансыз
табиғаттағы да барлық үдерістер мен құбылыстардың себептерін
мақсатты анықтаудың (детерминация) жалпыға бірдей сипатын мо-
йындайтын ғылыми тұжырымдамалары және бейнесі.
телеология – объективті әлемнің құбылыстарын және адамның
қызметін түсінуде және түсіндіруде маңызды (кейде шешуші) орын
мақсат, қызмет, мағына, маңыз ұғымдарына берілетін тәсіл.
технократизм – қоғамның материалдық қызметінің ғана емес,
тұтастай алғанда, оның әлеуметтік өмірінің де жетілуінде техниканың,
технологиялардың, ғалымдардың рөлін асыра көрсететін әлеуметтік-
философиялық тұжырымдама.
трансценденттік – адам тәжірибесінің, адамның сезімдік те,
ұтымды (трансценденталдық) та танымының шектерінен тыс жатқан
423
және сол себепті танымның емес, таза сенімнің нысанасы бола алатын
әрекет.