ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет320/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   382
кос
-
мос
орын тіліне, – жалпы, басқа тілдерге де, – 
әлем, ғалам, үйлесім, 
заңдылық
деп аударылады. Ал енді өзімізден сұрап көрейік: қандай 
халықтарда осындар ұғымдар тілде болған жоқ? У-Вэй (үйлесім) 
Лао-Цзының іліміндегі негізгілердің бірі болмап па еді? Дәл сон-
дай демокриттік «атомға» жақын ұғымдарды қытай және үнді фило-
софияларынан да табуға болады (ци, пракрити). Онда, жоғарыда 
айтылғандарға сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге бо-
лады: Шығыста б.з.д. VI ғасырда-ақ әлем бейнесінің қазіргі заманғы 
астрофизикалық көзқарастарға жақын 
табиғи-философиялық үлгісі
құрылған.
Енді Ертедегі Грекияға қысқаша саяхат жасап қайтайық. Милет 
қаласында пайда болған алғашқы филсофиялық мектеп 
«аРХені»,
яғни 
әлемнің түпнегізін іздеумен айналысты. Оған біз төмендегі ойшылдар-
ды: 
Фалесті, анаксименді, анаксимандрды 
жатқызамыз. Түпнегізді 
Пифагор, Гераклит және басқалары да іздеді. Олардың ұлылығы, сірә, 
әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді қанағат тұтпауда, оның 
негізін 
өз ақылдарымен
түсінуге әрекет жасауда жатса керек. Бүгінгі күні де 
ғалымдар әлемнің негізінде жатқан бастапқы құрылымды іздестірумен 
бас қатырып жатқан жоқ па? Өкінішке қарай, ондай ізденістер әзірге 
оң нәтижелерге жеткізе қойған жоқ. «ұлы Мәртебелі Табиғат» ең терең 
құпияларын ерекше мұқият жасырып келеді.
Элеядан шыққан 
парменид
әлемнің өзіндік бейнесін жасау жолын-
да дерексіз ойлаудың ең биік шыңдарына көтеріле алған ойшыл бол-
ды. Ойшыл шынайы әлемді: ол – жалғыз, мәңгі, жетілген, өзгермейді, 
материалдық қоспасы жоқ деп 
ойлау арқылы танып білуге болады
деп дәлелдеуге тырысты. Біздің алдымызда көсіліп жатқан сезімдік 
болмыс туралы айтсақ, ол материалдық, жетілмеген, уақытша бо-


362
лып саналады. Әлемнің ондай бейнесі кейіннен Платонның «идеялар 
әлемінен» бастап, ортағасырлық ойшылдардың теологиялық доктри-
наларына дейін, философияның кейінгі дамуына зор ықпал етті.
Ертедегі гректердің табиғи-философиялық идеяларын қарай оты-
рып, ой алыбы 
Демокритті
айналып өту мүмкін емес. Оның ойынша, 
әлемнің негізінде адамның көзіне көрінбейтін сансыз ұсақ бөлшектер –
атомдар жатыр. Әлемде атомдардан және бос кеңістіктерден басқа 
ештеңе жоқ. Бос кеңістікке құлай отырып, атомдар бір-бірлерімен 
ұстасып, табиғат денесін құрайды. Олай болса, әлемде барлығы 
да қажеттіліктер бойынша іске асады, ешқандай да ерік еркіндігі 
жоқ, барлығы да атомдардың қозғалысына бағынған. Оның әлемді 
түсінудегі атомдық тұжырымдамасы – ғалымдар XX ғасырдың басына 
дейін басшылыққа алып келген үлгі болды. 
Ұлы Платон ғылымға өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет