Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарақия ауданы қҰРЫҚ селосы



бет3/5
Дата03.10.2024
өлшемі52,93 Kb.
#146581
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ауа гылыми жумыс

2.3 Жел. Ауаның ластануы.
Ал жел ше? - Ол ауаның ағысы. Қысымы жоғары жағынан қысымы төмен жағына қарай ауысуы. Жел ірі қалалардағы зиянды ауаны айдап әкетеді.
Егер жел болмаса, бұлттар әрқашан теңіз не өзендер үстінде тұрар еді де, жауын-шашын тек қана сулардың үстіне жауар еді.
Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде атмосфераның құрамы өзгеріп, төменгі қабаты шаң - тозаңданады. Атмосфераның табиғи қалпының адамдар әрекеті арқылы өзгеріске ұшырауын ауаның ластануы дейді.
Ауа неліктен ластанады?
а) Табиғи жолмен ауаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиянды, ауруға шалдығады.
Ол үшін ауаны қорғау қажет, арнайы шаралар жүзеге асырылады. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы - көгалдандыру. Оған бәрің де атсалыса аласыңдар. Сендердің әр еккен ағаштарың ауаны тазартуға қосқан үлестерің.
ә) Адамның іс - әрекеті салдарынан ( жылу электр стансасынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден т. б. шығатын қалдықтар ).
Бұл адамдардың өміріне қауіп тудырып, ормандар мен жасыл желектердің құруына, жануарлардың ауруға шалдығуына алып келеді. Адамның жұмысқа қабілеті төмендейді, тез шаршап қалатын болады. Басы ауырады, асқазан ішектері ауырады, қаны азаяды.
Қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігі әр түрлі газдар қоспасынан құралған қара-көкшіл түсті шаң (түтін) басып тұрады. Мұндай жағдай, әсіресе үлкен қалаларда орналасқан зауыт, фабрикалардың мұржаларынан бөлініп шыққан қап-қара түтіндердің жиынтығы.(7-қосымша) 
Ірі қалаларда ауаның ластануына, кейінгі кезде өте көбейіп кеткен, автокөліктер
де үлкен әсерін тигізеді. Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы 70%-ға дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде.


2.4.Таза ауа – денсаулық кепілі 
Таза ауамен демалудың алғы шарты – алдағы уақыттағы адамның денсаулығының кепілі болып табылады.
Таза ауамен демалу үшін ауа тазартқыштарын қолданамыз. 
Ауа тазартқыш (тұрмыстық)— ас үй ауасын плита оттығында толық жанбаған газдың зиянды қалдықтарына тамақ дайындау кезінде шашыраған май ыс пен күйіктің иістен тазартуға арналған аппарат. Ол ас үй мебелімен бірге тұтас болады немесе газ не электр плитасының үстіне (700— 900 мм биіктікте) қабырғаға орнатылады. Бұл деңгей аппараттық температуралық қалыпты режимін және ауаны тиімді тазартуын қамтамасыз етеді. 
БЭВ—1 ауа тазартқышының қорабында желдеткіш жүйе болады, ол ас үйге етпе жел келмеген жағдайда, оның ауасын тазартуға жәрдемдеседі. Аппарат қорабының төменгі жағы ауаны ыстан, майдың кеңірсіген иістен т. б. тазартатын сүзгісі (аэрозольді сүзгі) бар қақпақпен жабылған. Ауа тазартқыш қорабының ішінде бактерицидтік сынап-кварцты лампа, жарық түсіретін шам мен басқару блогы орнатылады. Қораптың жоғарғы бөлігінде, бактерицидті лампаның үстінде ау айы газдан тазартуға арналған сорбент-катализаторы бар екі кассета болады. Ауа тазартқыштың алдыңғы бөлігі басқару блогының клавиштері орнатылған әсем панельмен қаралады. Оның плитаға қараған төменгі бөлігінде жылжымалы қақпақша болады. 
Желдеткіш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық қоспалар сүзгі материалда (аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ал, бақтерицидті шам ды (ультракүлгін сәуле көзі) қосқанда ауа стерилизацияланады. Бөлме ішіне осылайша тазартылған ауа жіберіледі. Ауа тазартқыштың желдеткіш! ауаның жедел циркуляциясын тудыра отырып, ас үйдегі жылуды бірқалыпты таратады, бөлме қабырғасында бу конденсациясының түзілуін болдырмайды. Ауаны неғұрлым жақсы тазарту үшін тамақ дайындаған соң, ауа тазартқышты бактерицидті шаммен бірге іске қосулы күйі нде 20—30 минут қалдыру керек. 
Ауа тазартқыш іске қосылып тұрғанда, тамақ дайындау қажет болмаса, газ плитасын жағуға болмайды. Себебі, сүзгі материалдық, лаксырлы қабаттың және пластмасса детальдардың бүлінуі, сондай-ақ аппараттық қызыл кетуі мүмкін.
Ауаны тазартудың екінші әдісі – өсімдіктер мен жасыл желектер көмегіне жүгінеміз. Далада қоршаған ортаны тазарту мақсатында көптеген ағаштар мен гүлдерді отырғызамыз. Үйде және мектеп қабырғасында гүл отырғыштарға әртүрлі гүлдер мен басқа да жасыл желектерді отырғызамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет