2.5.Іс жүзіндегі ауаға эксперимент Эксперимент № 1
Үш литрлік екі бос банка алып аузын жауып, біреуін +15 градус жерге,екіншісін -15 градустық жерге қойып, екі күннен кейін екеуіне бірдей уақытта бірдей мөлшерде газ түтінін жібердім. Сонда, +15 градустық жерде тұрған банкадағы газ тез тарқап араласып кетті, ал -15 градустық жерде тұрған банкаға жіберілген газ баяу тарқады.
Осыдан жасалатын қорытынды: жылы ауада газ алмасу процессі суық ауаға қарағанда тез жүреді.
Эксперимент № 2
-10 градус және +10 градус жерге екі бөлек сиыр етінің бірдей көлемде кесіп, екі ыдысқа салып бір аптадан кейін қарап, өзгерісін байқадым.
Осыдан мынандай қорытындыға келдім, суық жерде тұрған ет сақталған, тек сырты кебірсіген, ал жылы жерде тұрған ет иістеніп, түрін, түсін өзгерткен, яғни көп өзгеріске ұшыраған.
Қорыта келе, мынандай шешімге келдім: жылы ауада зат алмасу процессі тез жүреді, ал суық ауада зат алмасу процессі баяу жүреді.
2.6. Қолданылатын шаралар: Осындай экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы табиғи ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр.
Семей мен Арал жерлерінде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қолданып жаткан экологиялық шаралардың нәтижесінде оны республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс ластануы байқалып, соның нәтижесінде көптеген автомобильдер газ отынға көшірілген, содан ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлік атаулының барлығын тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын экологиялық талаптарға сай игеру қарастырылған.
Эколог ғалымдардың пікірінше республикамызда жыл сайын атмосфераға бес млн. тоннадай лас заттар шығарылады екен. Осы жағдайлар ауаны ластай отырып, жауын-шашынмен, қармен араласып су қоймаларына, топыраққа,топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлар мен адамдарға тарайды. Өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді.
Сондықтан бізді қоршаған табиғи ортаны сақтау, оны ластанудан қорғау әрбір адамның міндеті. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп,
жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық, физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.
Ормандар ішінде, өзен, көлдер жағасында ауа таза болады. Сондықтан көптен бері қалыптасып келе жатқан әдіс-көптеп ағаштар отырғызу. Олар қаладағы желдің жылдамдығын, айқай-шуды, ең негізгісі жоғарыда айтылған газ, түтіндерді бойына сіңіріп алады. Өз кезегінде ағаштардың өзі де қатты зардап шегеді.
Мысалы, жөке ағашы орманды жерде 400 жыл өмір сүрсе, қала ішінде
50-80 жыл ғана өмір сүруге шамасы жетеді екен.