26
толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам»
қасиеттерін
қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі
типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022
оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын,
«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы»
әлеуметтік
жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның
киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске
асыруды жалғастыру қажет.
Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету
келесі материалдарда:
Қазақстан
Республикасында
өлкетануды
дамытудың
Тұжырымдамалық негіздерінде;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім
беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік
ұсынымдарда;
«Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»: әлеуметтік – тарихи
тәжірибе») бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;
«Өлкетану»:
мәдени-генетикалық
кодтың
негізі»
(мәдени
мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдарда;
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» әдістемелік ұсынымдарында;
«Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарында білім
алушылардың
қазақстандық
патриотизмін
қалыптастыру
бойынша
әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген
(https://www.nao.kz).
«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз»
әскери-патриоттық клубтары, балалар мен
жасөспірімдер қозғалысының
қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген
әдістемелік ұсынымдар
Достарыңызбен бөлісу: