Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет17/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

БАЛАБАҚШАЛАР 
МЕН 
МЕКТЕПТЕРДЕГІ 
ІС-ШАРАЛАР 
БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҮШІН ТЕГІН ӨТКІЗІЛЕДІ. 
 
Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты 
жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе»/«Букварь» 
алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып 
оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың
1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің


25 
30 
жылдығына 
арналған 
«Тәуелсіздік 
жетістіктері» 
тақырыбында 
республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім 
алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ 
классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.
Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда: 
1. Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін 
демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие 
жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
2. Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін 
қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының 
болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы. 
3. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, 
бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін 
қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар. 
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске 
асырылатын болады: 
 «Мектептің өзін-өзі басқаруы»; 
 «Дебат» қозғалысы;
 «Оқуға құштар мектеп»;
 «Отбасы – мектеп»; 
 «Құқықтық сана – қауымға пана»; 
 «Дәстүр мен ғұрып»; 
 «Еңбек – елдің мұраты»; 
 «Үнем – қоғам қуаты»; 
 «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»
 «Қоғамға қызмет»; 
 «Музей сабақтары»; 
 «Театр сабақтары» жобасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет