Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет212/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні
Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттардағы инварианттық компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні 
болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім 
беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі 
ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын 
қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда 
болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған. 
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын 
техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген. 
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды 
түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға 
лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға 
бейімделген. 
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес 
тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL 
(Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сөзбе сөз бұл термин 
«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне 
белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді, 
бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер 
қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әртүрлі мәселелер бойынша 
сарапшылардың рөлін өз мойнына алып, өздерін сынап көреді. 
Әдістеменің негізгі ұғымы – «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың
11-сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы 
тиіс. Алдымен олар өз командасына мамандарды тартуға тырысатын 
стартаптың негізін қалаушысы рөлінде өзін елестету керек. Содан кейін олар 


296 
басшылар, маркетологтар, зерттеушілер сияқты өз стартаптарымен жұмыс 
істейтін болады. Оларға өз клиентін зерттеуге, өз өнімінің прототипін жасауға, 
серіктестерді табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді. 
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. 
Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай өніммен айналысу керек, оны 
жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың 
бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді 
сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, 
мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес, 
командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың 
көрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен 
қисындылығы бағаланады. 
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін 
мәселенің көптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы 
әдістеме бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері, 
шектеулі уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез 
келген адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады. 
Жобалық жұмыс оқушыларға материалдың едәуір бөлігін қамтуға, өз 
жобасын жасау арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Әдістің 
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: 
Командалық жұмыс. Оқушылар болашақта университет пен жұмыста 
қажет болатын командада жұмыс істеуді үйренеді. 
Коммуникативтік дағдылар. Оқушылар бірге жұмыс істейді, сондықтан 
оларға командада тиімді қарым-қатынас жасау өте маңызды. 
Сөздік қоры. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар өз тілдік қорын 
айтарлықтай толықтырып үлгереді, сонымен қатар жобамен тығыз жұмыс істеу 
кезінде зерделенген сөздер қарапайым оқып жаттағанға қарағанда жақсы 
меңгеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет