Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет221/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

3.5 Қашықтан оқыту туралы
Қашықтан оқыту форматы қазіргі уақытта оқытудың балама түрі ретінде 
қазіргі шындыққа берік енеді. Қашықтан оқыту форматы оқытудың балама түрі 
ретінде тәжірибеге мықтап енген. 
Қашықтықтан оқыту тәртібінің нормативтік құқықтық негізі 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен «қашықтан оқыту» 
ұғымы «қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен 
телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, педагог пен білім 
алушылардың өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту» ретінде 
нақтыланды (1-бап, 38-тармақ). Қашықтықтан оқыту нысаны тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-
шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған 
жағдайларда жүзеге асырылады, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру 
ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық 
білім 
алушылар 
үшін 
қашықтықтан 
оқытуды 
енгізеді 
(37-2-бап). 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_ 
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту келесі 
нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 
 «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін 
ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 
137 бұйрығы. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін 
ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың 14-тармағына сәйкес, 
"онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, 
бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) 
қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл процесін 
көздейді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768); 
 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу 
туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы №373 бұйрығы. Бұйрық қашықтан 
оқыту жағдайында білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесін 
регламенттейтін 
тармақтармен 
толықтырылды 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021148  
 «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу 
шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі 
әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы № 
345 бұйрығы;
 Ұсыныстар онлайн-платформаларға, сабақ құрылымына, тапсырмалар 
көлеміне, бағалау талаптарына, бейнесабақтарды әзірлеуге қойылатын минимум 
талаптарды қамтиды; 
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20964?lang=kk 
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 
қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы № 
182 өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген). 


317 
Стандартта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге 
асырған жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайларды ескеріп, барлық оқу пәндері бойынша 15 білім алушыға дейін топқа 
бөле отырып, карантин енгізілетіні көрсетілген.
(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199). 
Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудың 
ерекшеліктері 
 
 
Материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты 
болғандықтан білім платформасын таңдап алу өте маңызды.
 
Қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін әлемде ұлттық білім беру 
платформалары (Франция, Ирландия, Сингапур, Жаңа Зеландия) және 
жаһандық LMS платформалары мен WebEx, Office 365 (Microsoft), G Suite for 
Education (Google), FUSE, ClickView (Ұлыбритания, Австралия) сандық 
ресурстары пайдаланылды. Бразилия, Қытай, Үндістан, Мексикада білім беру 
мақсатында теледидар кеңінен қолданылды. 
Қазақстанда қашықтан оқыту «Күнделік», «BilimLand», «Daryn» 
платформаларын, Zoom, Google Meet, Microsoft Teams, сонымен бірге
телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл халықаралық 
ұйымдардың ұсынымдарына сай, мұны ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк оң 
бағалады, себебі қалыпты емес жағдайларда білім алушылардың барлығының 
білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
1
Сіз білім алушылармен байланысқа шығатын платформаны таңдай 
отырып, оқу материалдары мен орындайтын тапсырмаларды орналастырасыз.
Берілген материалды сапасы игеру платформадағы білім мазмұнына 
байланысты болғандықтан оны (платформаны) дұрыс таңдау өте маңызды.
Мысалы, kundelik.kz білім беру платформасында бейнесабақтар, 
электронды күнделік пен журнал, педагогтарға арналған әдістемелік 
материалдар (оқу жоспарлары, критериалды бағалау бойынша ақпарат) бар. 
Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат 
келесі кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет