Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті



Pdf көрінісі
бет248/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті 
БЖБ өткізу кезінде мұғалім: 
1) БЖБ өткізілетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды. 
2) таңдалған оқу материалын бөлімнің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы 
бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді. 
3) Педагог білім алушылардың белгілі бір уақыт ішінде орындауына есептелген 
БЖБ тапсырмаларын құрастырады. 
4) Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді. 
5) Білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында 
тапсырмалардың мазмұнын тексереді.


361 
6) Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған 
тапсырмаларды қамтиды. 
7) Қашықтан оқыту жағдайында БЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс 
құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасында, 
электрондық пошта, чат және т.б. орналастыру) 
8) Академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының 
алдын алу мүмкіндігін қарастырады. 
9) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін критерийлерді баллмен есептеуді 
сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 
5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес). 
10) Білім алушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді. 
11)Электронды журналға/ қағаз түріндегі журналға балл қояды. 
12) Білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген 
қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта 
коментарий ұсынады.
 
ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті
ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім:
1) ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін 
жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минуттан артық 
емес уақыт бөлінеді; 
2) ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады; 
3) ТЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді 
(электронды журналда, интернет платформасы мен т.б. байланыс құралдарында 
орналастыру); 
4) академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының 
алдын алу мүмкіндігін қарастырады; 
5) техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады;
6) тоқсан бойынша білімалушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді; 
7) электрондық журналға/ қағаз журналына балл қояды; 
8) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген 
қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта 
көментарий ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет