Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Скаткин М.Н. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі: (жас зерттеушіге көмек)



бет124/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   160
3.1.18 Скаткин М.Н. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі: (жас зерттеушіге көмек)


Әдіснамалық зерттеулердің міндеті мен пәні

Педагог ғылымдардың соңғы жылдардағы зерттеулерінде әдіснамалық зерттеулердің пәні мен міндеттері нақтыланады. Бұл мәселелерді шешу барысында көптеген көззққарастар көрініс берді. Кейбір педагог ғалымдар педагогика әдіснаманың болуының өзіне күмәнданды. Олар бізде тек қана бірден бірғылыми әдіснама – философиялық теория, диалектикалық және тарихи материализм бар деп айтты. Сондықтан педагогикалық зерттеулерде философиялық әдіснаманы қолдануды үйренген жоқ, жеке арнайы педагогиканың әдіснамасын ойлап табудың қажеті жоқ деп түсіндірді. Ғылыми танымның ең сенімді құралы – философиялық әдіс – материалистік диалектика педагогикалық зерттеу әдістерінде шамалы нақтыланады, түрін өзгертеді деп түсіндірді. Олар жеке нақты ғылымдарда өзіндік ерекше әдіснама болмайды және болуы мүмкін емес деген бағытын ұсынды.


Қызу пікірталас пен мәселені жан-жақты зерттеу нәтижесінде философия жалпы әдіснама болып табылады, алайда ол нақты ғылымдардың әдіснамасын жоққа шығара алмайды және айырбастай алмайды деген пікір орнықты.
Жалпы білім жеке білімді алып тастай және айырбастай алмайды. Өзінің сөздерінің бірінде В.Е.Гмурман педагогиканың әдіснамасының болу мүмкіндігін жоққа шығаратын нигилистік көзқарастың негізінде жалпы мен жекені қате теңестіру жатқанын тура әділетті түрде атап көрсеткен еді. Педагогика әдіснамасының басқа нақты ғылымдардың әдіснамасы сияқты өмір сүруге құқы бар.
Педагогиканың әдіснамасын жасау қажет, неғұрылым ол жақсы зерделенген сайын педагогикалық зерттеулер тиімді болады, педагогика ғылымының теориялық деңгейі жоғарылай түседі.
Педагогиканың әдіснамасының пәні қандай, ол қандай мәселелерді зерттеумен айналысуы керек? Бұл сұрақ төңірегінде де түрлі пікірлер, көзқарастар туындады. Кейбір авторлар бұл пәнді тар мағынасында, яғни әдіснама зерттеудің әдістері немесе тіпті тәсілдері туралы ғана ілім деп түсіндіруге бейімділік танытты. Көптеген анықтамалық басылымдарды (қараңыз, мысалы: БСЭ. – 2-е изд. – Т.27. – С. 316; Философский словарь. М, 1963. – с. 268; Толковый словарь русского языка. – Т.11. – М., 1988. – С. 201; Словарь инностранных слов. – М., 1949. – С. 407.)
«Әдіснама» термині дәл осылай түсіндіріледі. Бұлайша түсіндірудің негізінде бұл терминді грек тілінен тікелей аудару жатыр.
В.Е. Гмурман педагогика әдіснамасының пәнін нақтылауға ұмтыла отырып, оның пәні ретінде педагогикалық шынайылықты тану үдерісі мен оның нәтижесі деп педагогикалық білімдердің жүйесін (жиынтығын) есептеуді ұсынды.
Педагогикалық шындық болмысты тану үдерісін зерделегенде мына сұрақтар қойылып, мәселелер шешіледі: зерттеу әдістері, олардың ерекшеліктері мен өзара байланысы, сапалық және сандық сипаттамалардың арақатынасы, мазмұндық және құрылымданған әдістердің мазмұны, ұғымдар мен бейнелердің, ғылыми дәйектер мен болжамдардың мазмұны, зерттеудің типтері мен деңгейлері (логикалық және тарихи; эмпирикалық және теориялық), педагогика ғылымының дамуын болжаудың әдіснамалық мәселелері және басқалар.
Педагогикалық білімдер жүйесін тану үшін басқа да мәселелер зерттеледі: педагогиканың пәні, педагогиканың ғылыми білім жүйесіндегі орны, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, педагогикалық пәндердің жалпы және ерекше міндеттері, педагогиканың түсініктік-терминологиялық жүйесі және басқалар.
Сонымен, педагогика ғылымының өзін-өзі тануы немесе, былайша айтқанда рефлексия туралы сөз болып отыр. Әдіснамалық зерттеулер жүргізе отырып, біз педагогика ғылымынан жоғары көтеріліміз және оған жоғарыдан қараймыз: біз мектепті, тәрбие мен оқыту практикасын байқамаймыз және талдамаймыз, біз педагогика ғылымына талдау жасаймыз, яғни ғалымдар педагогикалық шындық болмысты қалай зерттейді және олардың жасаған педагогикалық білімдер жүйесінің қандай сапалары бар екенін зерделейміз.
Әдіснаманың пәнін бұлай түсіну кейбір педагогтарды үрейлендірді, қорқытты. «Бұл схоластика, практикадан қол үзу, - мектепке көмектесудің орнына біз өзімізді өзіміз күтуге кірістік пе, мұғалімдерге емес, өзімізге өзіміз жұмыс істейміз бе», - деді олар.
Ғылымды практикадан қол үзді деген мұндай айыптауларға түбегейлі жауап «Жақсы теория практикалық жағынан өте тиімді» деген қағидадан табылады. Әдінамалық зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеті жақсы педагогикалық теорияны жасаудың тиімді тәсілдерін табу, педагогикалық теорияны жасаушы, зерттеу жүргізуші ғалымдарға, сондай-ақ, тәжірибені жинақтауға, ғылыми-зерттеу жұмысына, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге қатысатын практик педагогтарға арналған.
Кейінгі зерттеулерде В.Е. Гмурман ұсынған әдіснаманың пәні тағы бір маңызды бөлікпен толықтырылды: әдіснаманың пәні педагогикалық білімдер жүйесі мен таным үдерісі туралы білімдерден басқа, зерделейтін нысанды қайта құру туралы білімді де қамтуы керек болды. Мұндай толықтырудың қажеттілігі теория мен практиканың, таным мен практикалық әрекеттің бірлігі туралы маркстік-лениндік қағидаға сүйенеді. Әдіснама тек теориялық танымның ғана емес, сондай-ақ шындық болмысты ғылыми коммунизмнің бастамасымен революциялық қайта құрудың қаруы болып табылады.
В.Е.Гмурман редакциясын басқарған «Педагогиканың әдіснамалық мәселелері» (М., 1977) атты кітапта педагогиканың нысаны мен пәні, педагогика ғылымының құрылымы, жалпы педагогика, тәрбие теориясы мен дидактиканың арақатынасы; педагогика мен басқа ғылымдардың арақатынасы; педагогикалық заңдарды зерттеудің қажеттілігі мен мүмкіндігі; педагогикадағы әлеуметтілік пен биологиялықтың арақатынасы; педагогика ғылымы мен практикасы арасындағы өзара байланыс, өзара қатынас, өзара әрекет мәселелері қарастырылды.
Ю.К.Бабанскийдің «Педагогикалық зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселелері» (М., 1982) кітабынан оқырман дидактикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесін қамтитын бірқатар сұрақтарға толық жауап алады: дидактикалық зерттеуді негіздеуге қажет таптық-партиялық тұғыр, оның тәрбиелік қыры; дидактикалық зерттеуде тарихилық пен логикалықтың бірлігін қамтамасыз ету; оқыту мәселелерін зерттеуге қажет диалектикалық жүйелік-құрылымдық тұғыр; дидактикалық зерттеу барысында оқыту үдерісінің қарама қайшылықтарына талдау жасау; дидактикалық зерттеу үдерісінде заңды байланыстарды айқындаудың әдіснамалық негіздері; дидактикада зерттеу әдістерін таңдау және қолдану; оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру мәселелерін зерттеудің ерекшелігі; педагогикалық зерттеулерде мұғалімдердің жұмысының озат тәжрибесін талдау; мектеп жұмысы практикасына ғылыми зерттеу нәтижелерін ендіру мәселелері және т.б.
В.И. Загвязинскийдің «Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» (М.,1982) деген кітабында дидактикалық зерттеудің өте өзекті мәселелері қарастырылған: оқытудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы және дидактикадағы зерттеу пәні; дидактикалық зерттеудің логикасы және оны ұйымдастыру; дидактикалық зерттеудегі логикалық ойлау формалары; эмпирикалық және теориялық зерттеу әдістері және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет