Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Ғылымның әдіснамалық мәселелері бойынша білімді меңгеру көрсеткіштері



бет88/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Ғылымның әдіснамалық мәселелері бойынша білімді меңгеру көрсеткіштері
Білімді меңгеру көрсеткішінің мәселесі – бұл дидактика мен жеке әдістемелердің басты мәселелерінің бірі. Оған бірқатар нақты, жалпы зерттеулер арналған. Дегенмен, бұл зерттеулер әлі де жеткіліксіз.
«Меңгеру» деген ұғымның өзі бірмәнді емес. Бұл терминнің екі талқылауы бар: «Іс-әрекеттік» және «нәтижелі». Зерттеушілердің бірқатары меңгерудің «операциональды деңгейі» деген ұғымды енгізді. Олардың пікірінше, оқыту болса, білімді меңгеру әрдайым болады, бірақ меңгеру деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Ал өзге зерттеушілердің пікірінше, оқушы нақты тапсырмаларды орындауда өз білімін қолдана білсе, онда меңгеру туралы айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандай, меңгерудің өлшемі ретінде тапсырмалардың белгілі сыныптары алынады. Тапсырма сыныптары оқытудың педагогикалық мақсаттарымен байланысты. Меңгерудің көрсеткіштері ретінде түрлі тапсырмалар қолданылады. Мысалы:

  1. Теорияның түрлі элементтерін тануға арналған тапсырмалар. Мысалы, түрлі тұжырымдар қатары берілген. Оқушы осыдан анықтаманы, заңды және салдарды ажыратып көрсетуі керек.

  2. Мәтіннің қандай да бір бөлімін немесе мәртебесін ажырату мақсатында оқу және оқудан тыс емес мәтіндерді талдау.

  3. Қандай да бір тұжырымның негіздемесін айқындау үшін мәтіндерді талдау.

  4. Оқу білімінің әртүрлі түрін жүйелі саралау (жүйелі саралау дегеніміз – әңгімелеу).

Меңгерудің ұсынылған көрсеткіштерін оқу мәтіндерін талдауға қолданғанда күмән келтіруі мүмкін (әсіресе, үшінші көрсеткіш). Өйткені, оқу мәтіндері – оқушылардың ойлауын тәрбиелейтін тәсіл ретінде қабылданған. Алайда, бұл тезисті жоққа шығармай, меңгерудің берілген көрсеткіштерін пайдалана беруге болады. Тек олардың қолданыс нысаны өзгереді, ал объект ретінде арнайы құрылған мәтіндер (мысалы, өткен оқу мәтіндерінің жаңа жолдары немесе өзге кітаптардың мәтіндері) қолданылады.
Бірқатар жұмытар ғылымның әдістемелік мәселелерін оқытудың соңында енгізу тиімсіз екенін көрсетті. Әдістемелік білім оқу пәнін меңгеруге әлсіз ықпал етті: оқушылар өте енжар, жалпыланған білімді қабылдауға психологиялық тұрғыда дайын емес болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет