Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Эксперименттік оқыту жағдайындағы оқушылардың дамуы



бет54/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Эксперименттік оқыту жағдайындағы оқушылардың дамуы. Бізге белгілі бір оқыту жүйесінде балалардың психикалық қызметінің дамуы қалай жүретінін зерттеу және жинақталған материалдарды талдау міндеті жүктелді. Оқушы танымының дамуы, оның меңгерген білімі мен дағдылары және меңгеру сапасының ерекшеліктері, зерттеу көзіне айналды.
Біздің зерттеулерімізде оқушылардың білім мен дағдыны меңгеруін зерттеуге үлкен орын берілді. Оқыту мен дамытудың байланысын шешу үшін, қандай білім көлемінің меңгерілгенін және меңгерілмеген себебін анықтау қажет болды. Оқушылардың ақыл-ойының дамуы ең алдымен білім мен дағдыны меңгеруі барысында жүреді. Демек, оқудың дамуға ықпалын анықтау заңдылықтарын, оқу үдерісін зерттеу арқылы білуге болады. Осыны іске асыру, демек ақыл-ойдың дамуын, оқу нәтижесімен теңестіруге болмайды.
Білім мен дағдыны меңгеруді бақылаудың маңызы зор: оқу бағдарламасының оқушыларға не бергенін анықтауға болады. Сонымен қатар біз бір қырынан – оқушылардың білім мен дағдыны меңгеруін анықтасақ, екінші қырынан, оқушылардың психикалық қызметінің дамуын, яғни екеуінің ара қатынасын анықтаймыз. Егерде біз басшылыққа алатын, әдіснамалық қағиданы ескерсек, онда бұл міндеттің күрделі екенін асырып айтпадық; біз дамудың оқумен тығыз байланысты екеніне сенімдіміз, дейтұрғанмен де, ол оқытудың нәтижесімен сәйкеспейді. Оқушылардың меңгерілген білімі мен дамуын көрсететін нақты материалдарды пайдалана отырып, олардың айырмашылығын және сонымен қатар байланысын анықтауға болады.
Көрсетілген қағидадан белгілі бір оқу жағдайындағы оқушылардың дамуын тікелей зерттеуі қажеттігі көрінеді.
Осы міндетті іске асыруда оқушыны біртұтас қарастыру керек. Оқушының дамуын толықтай сипаттау үшін, оларды сабақ барысында, сабақтан тыс және отбасында бақылау қажет.
Осы деректерді жинақтаған материалдың өзі де жеткіліксіз. Эксперименттік фактылардың психика дамуының кейбір формаларын нақты көрсететін мүмкіндіктері бар. Осы бағытта біз бақылау, ойлау және практикалық әрекетерін зерттедік.
Асы аталған бағыттарды зерттеу мүмкіндігіне қарай, оқу үдерісін нақты құрудың нәтижесін және оқушылардың дамуын талдауды бір уақытта жүргізуге болады.
Біз бақылау әрекетінің дамуын зерттеуді қажет деп таптық, өйткені осы әрекетте негізгі және тұрақты қабылдау жүзеге асады.
Қабылдау үдерісінде заттарды және оның бөліктерін ойша талдау және жинақтау жүреді. Талдау мен жинақтаудың сипаты және олардың ара қатынасы қабылданатын обьектіге, оқушы алдына қойылған міндетке және басқа да шарттарға әр түрлі болады. Бұл бірқатар еңбектерде көрсетілген, онда обьектілерді күрделілігіне және құрылымына байланысты қабылдау зерттелген (В.А.Артемов, А.С.Бородулина, О.И.Галкина, А.И.Липкина, Н.М.Яковлева және т.б.).
Бақылау әрекетін зерттеуде бірінші қатарға қабылданатын материал дың талдануы шығады. Осыған орай алынған деректер қарастырылады.
Біз оқушылармен тәжірибе жүргізгенде олардың бақылауын шектемедік (мысалы, пішінін, түсін, көлемін, т.б). Біз зерттеулерімізде түс пен пішіннің және бала бақылаған басқа да қасиеттердің ара қатынасын анықтадық (С.Н.Шабалин, т.б.). Бірақта бақылаудың белгілі жағдайда қалай өзгеретінін толық және нақты анықтау, балалардың алдына қойылған міндетті шешу үшін, еркін әрекетке мүмкіндік беру керек – ол обьектіні мұқият қарап, оның сыртқы түрі туралы айтуы тиіс.
Біз әр оқушының бақылау әрекетінің ерекшеліктері болатынын білеміз. Ол А.Бинэ және В.Штерннің еңбектерінен белгілі, қабылдау мен бақылау барысында балалардың типтік ерекшеліктері болатыны көрсетілген.
Айырмашылық тек қабылдау мен бақылау типтерінде ғана кездеспейді, ол орындалатын тапсрыманың деңгейіне де байланысты. Мәселен, В.И.Кириенко, топтық заттарды тұтас қабылдау білігін зерттегенде, обьектілерді қабылдауда ірі индивидуалдық ерекшеліктерді анықтаған.
Біз оқуды құруға байланысты жалпы өзгерістерді қарастырамыз. Сынып бойынша анықталған өзгерістер, тұтастай кейбір оқушылар тобының бақылау ерекшеліктеріне негізделеді.
Біз бақылауды зерттеу себебіміз, ол күрделі әрекет (Б.Г.Ананьев). Ол үнемі оқу үдерісінде кездеседі. Қабылдау, бақылау компонентін констиуциоландырады, ол ойлаумен органикалық байланыста болады.
Бақылау құрамындағы ойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ойлау үдерістері шындықты қабылдауда сезімдік танымға тікелей сүйенеді және бастапқы сезімдік тәжірибенің анализі мен синтезін құрайды (гүлдердің түстері, пішіні және басқа да қасиеттері; жеке және тұтас қабылданатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылықтары және т.б.).
Дерексіз ойлау түрлері әр алуан. Оның әр қайсысына тән сипат, обьектіні қабылдаудағы өзгешелігінде емес, оның мәніне, байланыстары мен қатынастарына енуінде, заттар мен құбылыстардың нақтылық қырларын дерексіздендіруіне жол ашады.
Біз ақыл-ойды мұндай тәсілдермен зерттеген жоқпыз. Біздің ғылыми мақсат - ойлауды экспериметтік әдіспен зерттегенде, ойлау үдерісін сырттай бақылау. Мұндай бақылау мүмкіндігін тудыратын, ойлау әрекетінің барысын көрсететін материалдар оқу пәндері болып саналады. Осыған лайық біз Л.С.Сахаровтың түсініктерді қалыптастыру әдісін қолдандық. Бұл әдістеме ойлау үдерісінің іргелі компоненттерінің өзгерістерін, абстракция мен қорытындылауды зерттеуге қолайлы болады.
Біз кеңестік психология анықтаған еңбектердегі ойлау үдерісін негізге алдық. Біз обьектіні белгілі бір аспектте, ең бастысы, сол аспектінің қойылған міндетке сай болуын, обьектінің ерекшеліктерін және басқа да шарттарын қарастырдық.
Сонымен, оқушылардың жадысын көпшілік және көмекші мектептерде салыстырмалы зертегенімізде, саналы есте сақтаудағы ойлау үдерістері маңызды рөл атқарады, - деген осы жолдың авторы, үдеріс ерекшеліктері есте сақтаудың орталық сәті болатынын көрсетті. Эксперименттік зерттеудің көрсеткеніндей, естегі сөздің өзгеруі және қосымша естегі тасымал құралы ретіндегі тұтас құрылымның өзіндік ерекшелігіне байланысты, естегі сөзбен бірігеді.
Оқушыларды оқыту мен дамыту мәселелерін зерттеуді жалғастыруда көрсетілгендей, баланың ойлауы баламалық даму бағытынан, бір құбылысты түрлі аспектіде қарасытыруға өтеді.
Біз зерттеуімізде Л.С.Сахаровтың өзгертілген әдістемесін, оқушыларға ұсынылған пәндерді белгілі бір аспектте қарастыруды және оны қажет болғанда өзгертуге болатындай етіп қолдандық. Сонымен бірге біз үшін маңыздысы, бірнеше аспектілерді есепке алғандағы, обьектілердің қалай топтастырылатыны және осы тәсілді басқа обьектілерді талдағанда қолдану болды.
Қорыта келе, ойлау әрекетінде, біз қолданған әдістеме бойынша, анализ және синтез, абстракция және қорытындылау болғанымен де, олар белгілі аспектіде қарастырылатын пәндерге тәуелді болады.
Оқушылар психикасының дамуын сипаттайтын үшінші бағыт -практикалық әрекеттерді зерттеу. Практикалық әрекетті пән ретінде зерттеуге алған себебіміз, ол арқылы оқушының өзіндік әрекетінің формасын бақылап, онан кез келген материалдық обьект жасау. Практикалық әрекеттің сипаты мен конституционалдық компонентінің, бақылау мен ойлаудан өзгешелігі, ол қолмен жасалатын операциялар.
Аталған үш бағыт: сезімдік тәжірибе, құбылыстың мәнін тану, практикалық міндеттерді шешу, айналаға материалдық ықпал етумен байланысты жалпы дамудың маңызды қырына жатады.
Белгіленген психикалық бағытты, зерттеу пәні ретінде алғанда, біз тек айырмашылықтарды ғана емес, сонымен бірге өзара байланысын, кірігуін де ойластырдық. Біз бақылау құрамында ойлау элементтерінің барын айтқан болатынбыз, міне сол, бақылауды екінші бағытпен байланыстырады.
Дерексіз ойлауды зерттеу әдістемесі, сол арқылы ойлау әрекетінің барысын, материалдық заттардың қасиетін қабылдауы таңдалады. Соңында, практикалық әрекеттің маңызды компоненттерінің құрамына қабылдау мен ойлау кіреді.
Осылайша оқушылардың психикалық әрекетінің дамуын зерттеуде, біз тек аналитикалық аспектіні ғана емес, синтетикалық аспектіні де қамтыдық. Жеке оқушылардың психикасының дамуын жеке бағыттар бойынша бақылап, оқушының біртұтас дамуын қатамасыз еттік.
Біз зерттеуімізде тұланың біртұтас дамуын белгілеп, оның түрлі қырларын дамытуға, яғни өзара кірігуіне жағымды жағдай жасадық.
Жоғарыда аталған үш бағытты зерттеу үшін, біз психикалық әрекеттің дамуы мен эксперименттік-психологиялық әдісті және қарапайым бақылау әдісін қолдандық. Индивидуальды экспериментке біз ұсынған тапсырмалар, мектепте сабақта орындайтын тапсырмалардан ерекше болды. Мәселен, затты бақылау және мектеп жағдайына жақын обьектіні дайындау, дерексіз ойлауға бағытталған тапсырмалар болды. Бірақта барлық үш тапсырма материалы жағынан, орындалатын операциялар сипаты жағынан оқушының оқу әрекетінен өзгеше болды.
Біздің зерттеуіміздің мақсатына орай, эксперименттік сынып оқушылары мен қарапайым сынып оқушыларының дамуын салыстырдық, соңғысы біз үшін бақылау сыныбы болып саналады. Салыстыру оқыту мен дамытудың шынайы ара қатынасын анықтаудың маңызды жолдарының бірі.
Жоғарыда аталған үш бағыт бойынша (бақылағыштық, ойлау және практикалық әрекет) оқытудың алғашқы кезеңі мен екі жылдан кейінгі оқушылардың дамуы анықталды. Фактылар екі жыл бойы эксперименттік сынып оқушыларының, қарапайым сынып оқушыларымен салыстырғанда, өте жақсы жетістіктерге жеткендерін көрсетті.
Алынған фактылар мынадай маңызды сұраққа жауап береді: бастауыш оқытудағы эксперименттік жүйе оқушылардың бастапқы психикалық әрекет формаларын дамыта ма? Оқытуды белгілі бір бағытта құру белгілі нәтиже беретіні белгілі ( мысалы, ойлаудың дамуы) бірақта басқа қатынастарда төмен нәтиже береді ( мысалы, бақылағыштықты дамыту). Эксперименттік сынып оқушыларының үш бағытта да: бақылағыштық, ойлау және практикалық әрекеттерінің өте жақсы дамығаны байқалды. Қорыта келе, эксперименттік дидактикалық жүйенің оқушыны жалпы дамыту тиімділігі жан-жақты көрсетілді. Осындай жүйе барлық оқушылардың, соның ішінде нашар оқушылардың дамуы да, жоғары нәтиже көрсетті.
Психикалық әрекеттің дамуын зерттеу үш бағыт бойынша III-IV сынптарда сол оқушылармен жалғастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет