Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет71/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Скаткин Михаил Николаевич
(1900-1991)


Көрнекті педагог, ПҒА академигі (1985) 1900 жылы Мәскеу облысында дүниеге келген. 1919 жылдан бастауыш мектеп мұғалімі болып істеді. 1920-30 жылдары С.Т.Шацкийдің басшылығымен РСФСР халық ағарту комиссариатының Халыққа білім берудің 1- тәжірибелік станциясында жұмыс жасады; 1925 жылы сонда педагогикалық курстарды тәмамдады. 1930 жылдан 2- Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы ғылыми педагогика институтында, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және сонымен қатар дәріс берді. 1945 жылдан ПҒА ғылыми-зерттеу институттарының дидактика мәселелерін зерделейтін бөлімдерін басқарды. Скаткин педагогика ғылымдарының әдіснамасы мен сондай ақ оқыту үдерісін, білім мазмұнын жетілдіру және тағы басқа мәселелермен айналысты. Оның дидактиканың іргелі мәселеріне арналған еңбектері (политехникалық білім беру теориялары, оқытудың ұстанымдары мен әдістері) КСРО және басқа елдерде жүргізілген зерттеулерге негіз болды. Оқу бағдарламаларын құрастыру теориясын алғашқылардың бірі болып жасады. Дидактиканың жаңа ұстанымдарының, оның ішінде, оқытудың ғылымилығы ұстанымының авторы; білім беру мазмұны және оқыту әдістерінің дидактикалық тұжырымдамаларын жасаушылардың бірі; 1960-80 жылдары оқыту үдерісін жетілдіру жолдарын анықтаудағы ролі айрықша маңызды Скаткин дидактиканың жай-күйін және оның жеке мәселелерін жүйелеп, оларға тұжырымдамалық тұтастық сипатын берді. Скаткин бастауыш мектепке арналған табиғаттану оқулығының және оған әдістемелік басшылықтың авторы (1946-86жж),
Шығармалары: О школе будущего. М., 1974, Дидактика ср.школы М., 1987. Проблемы современной дидактики . М., 1984. Методология и методика пед исследований. М., 1986.


3.1.3 Скаткин М.Н., Краевский В.В. Жалпы орта білім беру мазмұны: мәселелері және келешегі.


Кіріспе
Мектептің жұмыс барысында кездесетін көптеген сан қилы мәселелерінің ішінде халыққа білім беру жүйесінің әр даму кезеңінде жаңаша шешімдерді талап ететіндері кездеседі. Мысалы, оқытудың тиімділігін арттыру, үлгермеушілікпен күресу, оқытудың оны ұйымдастырудың неғұрлым жаңа әдіс–тәсілдерін ойлап табу мәселелері,т.б. Мұндай мәселелердің ішінде шешімі басқа қалғандарына тәуелді болатындары да болады. Бұлар орта білім берудің мазмұнын құру, оны мұғалімдер мен оқушылардың практикада қоллданатын материалдарда – бағдарламаларда, оқулықтарда, оқу құралдарында жүзеге асырудің тәсілдерін табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет