Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқыту үдерісінің тиімділігі заңды түрде оның сол үдерісте қолданылатын жағдайларына тәуелді



бет95/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Оқыту үдерісінің тиімділігі заңды түрде оның сол үдерісте қолданылатын жағдайларына тәуелді. Мектепте оқыту үдерісінің компоненттеріне кірмесе де оқу-материалдық, моральдық-психологиялық, гигиеналық шарттар оқушылардың еңбек әрекетіне қажетті болып табылады. Осыған байланысты мектепте сәйкесті түрде оқу-материалдық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, эстетикалық шарттар сабақтың уақытында жүруіне керек. Оқытудың мейлінше жай немесе тым жылдам жүрісінен оқушының оқуға қызығушылығы төмендейді. Бұл жерден оқытудың тиімді жүрісін және оқудың уақытын дұрыс қою шарттарын қабылдау керек. Бұл заңдылықты бағаламау немесе жоғарыда аталған заңдылықтарды бағаламау оқытудың тиімділігін төмендетеді.

  • Оқыту үдерісінің оңтайлы ұйымдастырылуы бөлінген уақытта заңды түрде оқытудың қажетті және түпкілікті нәтижелерін қамтамасыз етеді. Бұл заңдылықта оқыту үдерісінің заңдылықтары бір жүйеге біріктіріледі, оқытуды оңтайлы ұйымдастыру оқытудың компоненттері мен шарттарының барлық заңдылықтарын бір арнаға кешенді қолдануда тоғысуы керек. Егер педагог оқытудың міндеттерін, мазмұнын қозғаушы күштері мен ұйымдастырушылық әдістерін, оқыту формасы мен тәсілдерін дұрыс таңдап, барлық шарттарды орындаса, онда оқушы дәл уақытындағы мүмкіндіктерді пайдаланып өте жақсы нәтиже көрсетеді. Осы кезде мұғалімнің еңбегі жеңілдейді. Бұл заңдылық ғылыми зерттеулермен және мұғалімдердің көп жылғы еңбек өтілімімен дәлелденген.

    Сонымен біз барлық оқыту үдерісіне қатысты толықтай дидактикалық заңдылықтарды айқындап өттік. Бұл заңдылықтардың барлық жердегі түрлітиптегі мектеп сыныптарына қатысты заңды екенін ескердік. Бұл заңдылықтардың тығыз байланысы ұйымдастырылған оқытудың барлық шарттарында барлық уақытта қолданылуы арқылы дәлелденді. Қажеттілік пен нақтылық бұл заңдылықтардың тиімді оқытуды ұйымдастырудан пайда болды. Аталған заңдылықтардың тек қана оқыту үдерісінің компоненнтерінің бірлігін ғана емес, сонымен қатар олардың қарама қайшылығын да көрсетеді.
    Қарастырылған заңдылықтардан кеңес дидактикасының маңызды ұстанымдары туындайды.
    Осылайша, адамдар туралы барлық ғылымдар мен адамдардың оқу- таным қызметінің жетістіктері дидактикалық негіздердің толығуына әсерін тигізеді.
    Дидактикалық заңдылықтар мен ұстанымдар педагогтарға оқытудың ғылыми дәлелденуін береді




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   160




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет