Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Педагогикалық зерттеулер: негізгі сипаттамалары, жіктелуі



бет127/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

1. Педагогикалық зерттеулер: негізгі сипаттамалары, жіктелуі

Педагогика саласындағы зерттеулер деп тәрбие үдерісінің заңдылықтары, оның құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, ұйымдастыру әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағыттталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу–тәрбие үдерісінің құбылыстары мен деректерін немесе оның жеке жақтарын түсіндіреді және болжайды. Ғылыми–педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге жіберілетін нақты қойылған деректерге негізделеді. Ол әйгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, тәртіптің және әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі, нық орнатылған және жорамалдық білім арасында анық шектелу жүргізіледі. Ғылыми-педагогикалық зерттеудегі түсініктеме басқа ғылыми зерттеулерде элементтерін қолдануға болады және логикалық–құрастырушылық кесте көлемінде жасалған стандарттар негізіне құрылады.


Зерттеулерді жіктелуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиеттерде біршама қарастырылған. Бірақ олар толық шешімін таппаған. Жұмыстарды жіктеу ұстанымдары, осы немесе басқа жіктеулерді құрудағы, оларды пайдалану саласы және шекарасы жеткілікті анықталмаған, әртүрлі негізде құрылған типологиялар кездеседі. Бар жіктелімдердің негізгі кемшілігі – зерттеуді анықталған типке апаруға болатын негізде құрастырушылық белгілердің жоқтығы. Сондықтан тәжірибелік жағдайлар жұмысты жіктеууде белгілі қиындықтарға тап болады.
Зерттеулерді типтерге бөлуге ерте болса да, типология бойынша зерттеудің жіктелуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т.Огородников жұмыстың үш түрін ббөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикаалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақтарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу–тәрбие мекемесінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжірибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтыр).
Берілген жіктелуді М.А.Данилов шартты және қатынасты деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Келешекте ғылымтанушылыққа жақын, зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды.
Фундаменталды зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолданбалы зерттеу және жасалымға арналған база құрады.
Қолданбалы зерттеу оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, мектептану, мұғалімдер дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теориктер мен практиктерді байланыстыратын аралық буын рөлін атқарады.
Педагогикалық зерттеу әрбірі жеке сала ретінде қарастырылатын әдіснама, дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы, мектептану сияқты пәндердің шекарасында жүргізіледі. Әрбір пәннің көлемінде іргелі де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған делелді біз педагогикалық іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В.В.Краевскийдің жұмысынан табамыз. Ол өзіне тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғылымындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды. Бұндай кең түсінік бізге әрбір педагогикалық пәнде іргелі және қолданбалы зерттеу болуы мүмкін деген негіз береді.
Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі - ғылыми-педагогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Оларды қарастырайық.
Бірінші фасет – зерттеу міндеттері - ғылыми қызметкерлердің , ғалым-педагогтердің өз дерінің алдына қоятын мақсаттар , жан-жақты жоспарланған нәтижелер тарапынан жүргізетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет – зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет – зерттеу мекен-жайы – ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым және ортаны анықтайды. Төртінші фасет – құжат түрлері - ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі ққырларыыын сипаттайтын, берілген фасетке тән және көпқырлы белгілерін көрсететін фасеттің әрқайсысына көптеген терминдер (фокустар) енеді.
Кесте -1
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әртүрлі типтерін сипаттауға арналған стандартталған терминдер және негізгі фасеттер



Зерттеу міндеттері

Зерттеу нәтижелері

Тұтынушы мекен-жайы

Жарияланым түрлері



Талдау:

Алгоритм

Мектепке дейінгі мекеме, ясли, балалар бақшалар тәрбиешілері

Автореферат

тарихи

Заң

Бастауыш сынып мұғалімдері

Мұрағат материалдары

аналитикалық

Заңдылық

Пән мұғалімдері

Библиографиялық басылым

салыстырмалы

Болжам

Мектеп директоры

Диссертация

статистикалық

Идея

Оқу бөлімі меңгерушісі

Баяндама

жүйелі

Дерекнама немесе құжаттар

Аға вожатый

Таңдаулы шығармалар

кешенді

Жіктелулер

Вожатыйлар

Нұсқау -әдістемелік материал

қиын-қыстау

Тұжырымдама

Кітапханашы

Ақпараттық басылым

әдіснамалық

Әдіс

Үйірмешілер

Монография

факторлы

Модель

Орта арнайы оқу мекемелерінің оқытушылары

Ғылыми -әйгілі басылым

Енгізу

Әдістеме

Кәсіптік-техникалық училище оқытушылары

Ғылыми есеп

Ашу

Түсінік

ЖОО-ны оқытушылары

Бағдарлама

Әшкерелеу

Ереже

Бастауыш сынып оқушылары

Жоба

Өнім

Ұсыныс

Жоғары сынып оқушылары

Нобай

Толықтыру

Тәсіл

Училище және техникум студенттері

Сөздік

Танысу

Қағида

ЖОО-ны студенттері

Анықтамалық басылым

Зерттеу

Мәселе

Ғылыми қызметкерлер

Стандарттар

Оқу

Суреттеу

Аспиранттар

Баяндама тезистері

Пайдалану

Ұсыныс

Халыққа білім беруді ұйымдастырушылар және жетекшілер

Оқу басылымдары

Жинақтау

Дидактикалық жүйе

Мектептен тыс мекеме жұмысшылары

Энциклопедия

Дәйектеме

Құрал

Шеберлер




Талқылау

Тенденция

Ата-аналар




Суреттеу (сипаттама)

Талап

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар




Анықтама

Шарт







Жоққа шығару

Мектеп құрал-жабдықтары







Баға

Оқу кешендері







Растау

Техникалық оқу құралдары







Дайындық

Стандарт







Көрсету

Дерек







Тексеру

Хронология







Құру










Қойылым










Даму










Қайта өңдеу










Ашу










Қарау










Жетілдіру










Жүйелеу










Жасау










Салыстыру










Тұжырым










Сипаттама










Сонымен, зерттеу міндеттері: сипаттау, анықтау, негіздеу, жасау, айқындау, толықтыру, жүйелеу, жетілдіру, дамыту, нақтылау, талдау (тұжырымдаманы, болжамды, әдістемені, әдісті, білім мазмұнын және т.б.) болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері тұжырымдамалары, ұстанымдарды, заңдылықтарды, болжамдарды, жіктеулерді, әдістемелік нұсқауларды, ұсыныстарды, мектеп құрал-жабдықтарына талаптарды және т.б. қосады.


Жіктелудің фасетті әдісі құжаттың көпқырлы ақпаратын бейнелеуді жеңілдетеді, сондықтан фасеттерді әртүрлі құрастырып сыныптар шығаруға болады. 1- кестеде негізгі фасеттер және зерттеуде орны бар педагогика ғылымының әртүрлі ерекшеліктеріне арналған стандартталған терминдер көрсетілген.
Фасеттің әрбіреуі зерттеуді бір қырынан сипаттайтын тек қана нақты анықталған терминдерді құрайды. Басқа фасеттердн терминді ауыстыруға болмайды. Фасеттердің саны және стандартталған терминдер тұрақты емес, олар өзгеруі мүмкін. Рет-ретімен орналасқан фасеттер зерттеу типі анықталатын фасеттік формуланы көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет